«Балаларға жылылық» ертеңгілік сағат, мерекелік көңілді іс-шара

Бүгін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында, Арыс қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар үйінде «Балаларға жылылық» атты ертеңгілік сағат, мерекелік көңілді іс-шара өткізді.Шара барысында балаларға арналған мерекелік концерт қойылып, ақ жаулықты әжелеріміз балаларға базарлығын таратты.

Меркелік іс-шарамызда Ерсұлтан Жаңабаев, Раяна Бекбосова, Амина Константинова атты бүлдіршіндеріміздің тұсауы кесілді, қыздар арасында «оң босағаға шығару» дәстүрі дәріптеліп, Анна Церкасина қызымызға шашбау тағылды.Сондай ақ, балалардың ой-өрісін дамыту, келешекте салауатты ұрпақ қалыптастыру мақсатында ұлттық ойындар ойнатылды.

Орталық басшысы Сұлтан Оңғарұлы балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан бүлдіршіндерді мерекелерімен құттықтап, оларға жылы лебізін білдіріп, алғыс хаттар, мерекелік тәттілер мен сыйлықтар тарту етті. Бұл бастама жыл сайын өтетін игі дәстүрге айналмақ. Балалар үйінің әкімшілігі ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, осындай шаралар балаларға үлкен қуаныш пен жылулық сыйлайтындарын жеткізді.

Орталыққа Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясының Рухани мәдени мұраны қорғау жөніндегі Ұлттық комитет төрағасының орынбасары, Шымкент қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Рустам Рахымұлы Музафаров арнайы келіп, орталық жұмысының бағыт-бағдары, тыныс-тіршілігімен танысты.

Алдағы уақытта ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап, кеңінен насихаттау мақсатында ұмыт қалған әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімізді қайта жаңғырту бойынша бірлесе жұмыстар атқарылады.

«ҰЛТТЫҚ СУСЫН – ҰЛТТЫҚ БРЕНД»

Төрт түліктің қадір-қасиетін терең ұққан ата-бабамыз, шипалы қасиетке ие төрт түліктен өндірілетін сусындардың дәрумендік сипатын аса жоғары бағалаған. Бүгінде ағзаға аса зиян күмәнді сусындар өндіру белең алды. Жаһандану жағдайында келер ұрпақтың дені сау, санасы сергек болып өсуі үшін ұлттық сусындарды дәріптеу әрбіріміздің парызымыз саналмақ.
Осы орайда, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы төрт түліктің қасиеті, ұлттық сусындардың шипасы, жөн-жоралғылары мен ырым-тыйымдары туралы «Ұлттық сусын-ұлттық бренд» атты семинар-тренинг өткізді. Шара барысында Арыс ауданы, Саналы ауылының «Нар қымыран» шаруашылығының иесі Артықгүл Сопыбекова қымыран баптаудың әдіс-тәсілдері, дайындау жолдарын түсіндірді, жеке кәсіпкер қымыз баптаушы Айсұлу Тасыбекова қымыз баптаудың қыр-сырымен, блогер Айдана Ыбырай сүт, айран, шалап дайындаудың әдіс-тәсілдерімен қатар, адам ағзасына пайдалы тұстарымен бөлісті. Орталық басшысы Сұлтан Оңғарұлы келген қонақтарға алғысын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.

«ШЫМКЕНТ – ТМД-НЫҢ МӘДЕНИ АСТАНАСЫ 2020» ЖЫЛЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ЖАБЫЛУ РӘСІМІ АЯСЫНДА ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРЛЕРІНІҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ

«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы 2020» жылының салтанатты жабылу рәсімі аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен этно-тарихи кешенде қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

Көрмеге қаламыздағы 15-ке жуық үздік қолөнер шеберлерінің туындылары қойылды. Олардың қатарында К. Қарабдалов, Б. Бейсбеков, М.Атахан, Б. Жетпісалиев және тағы басқа да белгілі қолөнер шеберлерінің жасаған бұйымдары бар.

«ШЫМКЕНТКЕ 2200 ЖЫЛ» АТТЫ УАҚЫТ КЕРУЕНІ ІС-ШАРАСЫ

А.Асқаров атындағы дендрологиялық саябақта «Шымкент 2020 — Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының мәдени астанасы» жылының салтанатты жабылу рәсіміне орай «Шымкентке 2200 жыл» атты уақыт керуені іс-шарасы бастау алды. Салтанатты іс-шараға қатысқан Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан игі бастамаға сәттілік тіледі.

Бұл тойдың жөні бөлек. Жиынға келген барлық қатысушылар арман-тілектерін қағазға жазып, оны керуен қоржынына салды. Уақыт керуені қала көшелерін аралап, халықтың ыстық ықыласы толтырылған қоржынымен 22 қараша күні сағат 18.00-де ескі қалашық «Цитадель» қақпасына келіп тоқтайды. Сонымен қатар, керуен қоржыны қаламыздың тарихын айшықтайтын 2200 кітап, Шымкент қаласының символына айналған қызғалдақ тұқымы және халықтың тілегіне толтырылып Тәжікстан Республикасының Душанбе қаласына аттанады.

«Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды»

2020жылдың 31 қазан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰРПАҚТЫ ШЫҢДАЙДЫ!» тақырыбында қаламыздағы Зообақ саябағында жастар арасында ұмыт бола бастаған ұлттық ойындар насихатталды. Бұл іс-шараның мақсаты қазақ халқының отбасылық тәрбие ғұрыптарын қайта жаңғырту барысында жас баланың ой-өрісің ұлттық ойындар арқылы дамыту.

Балалар «АРҚАН ТАРТЫС», «БЕСТАС», «ТЕППЕ» (ЛӘҢГІ), «АСЫҚ ОЙЫНДАРЫ», «АСАУ МӘСТЕК» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Бұл ойын түрлерін бүгінгі балалардың көбі біле бермейді. Сайысқа түскен жастардың қызығушылығы мен белсенділігінде шек жоқ.

Ойынның бала тәрбиесіне, денсаулығы мен ойлау жүйесіне әсері мол. Сондықтан, жаман қылық пен жауыздықтан алшақтатып, ұлтжанды ұрпақ өсіремін десеңіз, ұл-қызыңыздың бос уақытта немен айналысатынына мән беріңіз. Ұлттық ойын ұрпақ санасын арттыруға үлкен серпіліс береді.

«ТАРИХЫ ТЕРЕҢ – ШЫМКЕНТ!»

2020жылдың 30 қазан күні Шымкент қаласының төл тарихын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсиялық бұқаралық жұмыс бөлімінің меңгерушісі Жалдықараев Мұхтар Айтбайұлымен «Тарихы терең – Шымкент!» тақырыбында онлайн сұхбат өткізілді.Сұхбат жүргізген орталықтың әдіскері Орынбекова Ақмарал.

«Құрсақ шашу»

Қазақ халқының тек өзіне тән, ешбір қайталанбайтын, бірегей салт-дәстүрлері бар. Соның бірі – «құрсақ шашу» тойы. Аяғы ауыр әйелге қатысты орындалатын дәстүрдің басты мәні – қуанышты атап өтумен қатар болашақ ананың денсаулығына ерекше мән беру болмақ.

2020жылдың 14 қазан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Құрсақ шашу» тағылымдық шарасы өтті. Мақсаты- ұлт құндылығының бүгінде ұмытылған бірегей дәстүрінің бірі, ұрпақтың өсіп –өнуінің айшықты үлгісі «Құрсақ шашу» дәстүрін қазіргі қоғамға кеңінен насихаттау.Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде әйелдер арасында аталып өтеді. Дәстүрдің жалпы сипаты-қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару, көз тиюден, шошынудан сақтау.

Биік болсын шаңырақ!

2020 жылдың 13 қазан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Биік болсын шаңырақ!» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағатын өткізді. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. Шаңырақ көтеру шарасына қаламыздағы жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері қатысты.

«Абай даналығы — халық мұрасы»

Биылдан бастап ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз «Абай күні» болып бекітілгені белгілі. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында «Абай Құнанбайұлы ақын, ғұлама ойшыл, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы — тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланады» — дегені бар. Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртшылығына кеңінен таныстыру қажет. Бұл – бүгінгі ұрпақтың қастерлі борышы.

Осы айтулы мерекеге орай Шымкент қалалық Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығы мен «Отырар» қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы бірлесе2020 жылдың 30 тамыз күні «Абай даналығы — халық мұрасы» атты әдеби сазды кеш өткізді. Кеште Абай бала өмірін баяндайтын «Бала Абай» атты қойылым көрсетілді.

Кеште Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндер (Т. Әлменов «Сегізаяқ», А. Берікқызы «Қобыланды батыр» жырынан үзінді, Т.Хабдыразақ, Ж.Әшірбек, С. Төреханов халық әні «Бесқопа») орындалды. Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығының қызметкерлері жырларынан үзінді оқыды.

1 2 3 4 5 6 9