«Биік болсын шаңырақ»

2019жылдың 28 ақпан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ҚР Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында Шымкент қаласы отбасы,балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе киіз үй құрудан «Биік болсын шаңырақ» атты шеберлік сағатын өткізді.Орталық қызметкері Әйгерім Тастанова киіз үйдің теориялық құрылымы туралы презентациясын ұсынып, киіз үйдің құрал – жабдықтары, құрылысы, ішкі безендірілуі туралы мәлімет берді. Орталықтың алаңында жастармен практикалық түрде киіз үй құрылды.

«Дәстүрге берік отбасы»

«Дәстүрге берік отбасы»

2019жылдың 21 ақпан күні отбасы құндылықтары мен тәрбие мәселесін насихаттау мақсатында «Дәстүрге берік отбасы» атты ток-шоу өтті.  Шараны орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Абданбекұлы Тағаев ашып, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар мұрасын жаңғырту және ұрпақ сабақтастығын жалғастырып оны насихаттау-әрбіріміздің парызымыз деп атап өтті. Сәбит пен Гүлжазира Мүсіреповтер, Сейдеханов Жеңіс пен Сандуғаш Садыққызы отбасылары, Қалдықыз Оспанова, Әділбеков Үсен, көп балалы ана Қоңырбекова Эльмира, Егеубаева Айдана — өмірдегі шынайы кейіпкерлердің қатысуымен өткен шара барысында отбасы құндылығы мен қыз бала тәрбиесі, атастыру, баланы бауырына басу, әмеңгерлік және сүйек жаңғырту дәстүрлері жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті.

“Ғибратты ғұрыптар” Бесікке салу дәстүрі

“Ғибратты ғұрыптар” айдарының алғашқы бастамасы көрермендерге жол тартпақ.
Қазақ қоғамында сонау ықылым замандарда бесікке бөлеу және бесік жырын айту сынды дәстүрлердің болғанына дәлелдер көп. Еңлік-Кебек жырында бесік құда туралы, Қобыланды жырында «Алтыннан бесік қойдырып, ақ торғынға бөлеген» деп жазылған. Бұдан өзге Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында:
Қорқытпа менің баламды,
Гулей соққан ақ боран.
Балам әже қойнында, Келе алмайсың сен бұған, — деп басталатын бесік жырын кездестіруге болады. Мұның барлығы қазақ қоғамының қай кезде де баланы бесікке бөлегенін көрсетеді. Бұдан өзге де бесіктің түп-тамыры тереңде жатқанын дәлелдейтін аңыз-әфсаналар көп. Құрметті оқырмандар, бесіктің пайда болуы туралы аңыздарды қаншалықты білеміз? Ой бөлісе отырсаңыздар.

«Балаларға базарлық» 20.07.2017ж

Шығармашалық ұжым ұйытқы болған іс-шараның бірі Түлкібас ауданында болып өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында «Балаларға базарлық» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен Б. Саттарханов атындағы балалар спорттық-сауықтыру лагері оқушылары арасында сайыс ұйымдастырылды.

1 5 6 7 8 9