«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы»

«Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» шарасы аясында шырайлы шахардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылар саны күн сайын артып келеді. Солардың қатарында сонау мұхит асып келген мәртебелі қонақтар — Аризона мемлекеттік университетінен, Шығыс Еуропадағы және Орта Азиядағы Cintana Education білім беру орталығының жетекшісі Кагри Бахчоглу, осы университеттің кеңесшісі Нью Ли Холман және Маркетинг және серіктестік бойынша аналитик Евгения Орловалар Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында болды.
Мұндағы жеті санының қасиетіне арналған жәдігерлер, әлемнің кіші моделі-киіз үйдің құрылысы, Ішкі жасау жабдықтары, қазақ тіршілігіндегі қолданылатын тұрмыстық бұйымдар, Қыз жасауы, Үйдің төрі мен босағасы, Отбасының әлеуметтік орны жайында кеңінен мағлұмат берілді.
Қашанғы қазақы меймандостық ілтипатпен күздің бал қымызы мен сары бауырсағынан дәм татқан қонақтар ерекше ықыласымызға тәнті болды
1+

Жеті қазына композициясы

2+

Достық залының жалпы көрінісі

5+ 

4+

Достық залының сол жақ беті

3+

Достық залының оң жақ беті

6+

Ұлттық залдың сол жақ беті

10+

Ұлттық залдың оң жақ беті

9+

Ер жігіттің бес қаруы

12+

Акт залының жалпы көрінісі

11+

Этнографиялық көрме сөресі