«Қымызмұрындық» 16.06.2018ж

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен Бәйдібек ауданында ежелгі дәстүрімізді қайта жаңғырту мақсатында «Қымызмұрындық» фестивалі өтті. Шараның мақсаты – жұртшылықтың ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізге қызығушылығын арттыру, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу, сондай-ақ қазақ халқының ұлттық сусыны – қымыздың құндылығын насихаттау. Ұлттық сусын мерекесіне облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, облыстық маслихаттың депутаттары, өңір ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері, этномәдени орталықтардың төрағалары және республикалық, облыстық блогерлер мен БАҚ қызметкерлері қатысты. Іс-шара аясында қымыз баптаушылар сайысы, қолөнер шеберлерінің көрмесі, сәйгүліктердің шеруі, ұлттық ат спорт түрлерінен көріністер, қымыз ішуден мешкейлер сайысы өтті. Мерекеге 15 аудан, қалалардан үміткерлер қатысып, жеңімпаздар облыс әкімінің арнайы сыйлығымен, дипломдармен марапатталды.