«Асар – бірлікке қадам» 19.07.2018ж

Созақ аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп, ауыл тұрғындары арасында «Асар – бірлікке қадам» атты іс-шара ұйымдастырды. Шара аясында Шолаққорған ауылындағы «Балтабұлақ» бұлағы бойына асар дәстүрі бойынша тазалау жұмыстары жүргізілді. Игі іске ауыл тұрғындары белсене қатысып, бұлақ көзін ашып, суды қоқыстардан тазартты. Асар барысында ауыл ақсақалы Әлтаев Тұрсын елді бірлікке шақырып, осындай игі бастамалардың одан әрі жандануын тілеп, бата берді. Ауылдың аналары асаршыларға сусын, бауырсақ секілді астарын ұсынып, алғыстарын білдірді. Тұрғындар осы дәстүрді ұстанып, бұлақ басын таза ұстауға уәделесті.