«Түйемұрындық» 12.09.2018ж

Арыс ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе Саналы ауылының тұрғындарымен «Түйемұрындық» дәстүріне арналған облыстық мәдени іс-шара өткізді. Келінді қарсы алу – келіншек көшінің алдынан шығып күтіп алу қазақы дәстүрде аса құрметті саналған. Қалыңдық жасауы, қызға берілген дүние-мүлік артылған көш қыз ауылынан шығып, келін болып түсетін ауылына жақындағанға дейін қыз көші, ауылға жақындай келе келіншек көші деп аталады. Шаңырақ түйе бастаған келіншек көшін жол бойында кездескен ауылдың әйелдері, жастары шаңырақ түйені жетелеп келе жатқан аттың ноқтасынан немесе түйенің жез бұйдасынан ұстап, «түйемұрындық бер» деп кәде сұрайды. Қыз шешесі оларға сыйлық беріп, түйемұрындық кәдесін алғандар жастарға бақыт тілеп, жол болсын айтады. Ауыл тұрғындарымен өткен бұл дәстүрдің тәлімі мол болды.