«Дәстүр жолында» 05.11.2018ж

Қазақстан Жастар Одағы және Халықаралық «Алаш» сыйлықтарының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері, ҚР Жазушылар одағының басқарма мүшесі, көрнекті ақын Қасымхан Бегмановтың 60 жылдығына орай Қазақстан Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, «Президент және халық» газетінің бас редакторы, Әдет-ғұрып, салт-дәстүр академиясының академигі, публицист, журналист Марат Тоқашбаевтың қатысуымен шығармашылық кездесу өтті. Айтыскер ақын Нұрлан Есенқұлов қонақтарға жырдан шашу шашты. Кездесуге танымал ақын-жазушылар Мархабат Байғұт, Қабылбек Төретайұлы бастаған өнерсүйер қауым жиналды. Ақынның этнография саласындағы ұшан теңіз еңбегі, Алаштануға қосқан үлесі «Дәстүр: кеше, бүгін, ертең» атты жаңа туындысы туралы кеңінен талданды.