«Сырмақ шерткен сыр» 16.11.2018ж

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Қазығұрт ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе «Қызылқия» ауылдық мәдениет үйінде аудан тұрғындары арасында «Тулақ шашу» дәстүрін дәріптеу мақсатында «Сырмақ шерткен сыр» атты іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты-ұмыт бола бастаған көне дәстүрімізді жаңғырту, жүннен жасалатын бұйым түрлерін, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау. Аталмыш шарада аудан тұрғындары ұмыт бола бастаған қолөнеріміз- жүн сабау, жүн бояу, шүйкелеу, киіз басу салтынан шеберлік көрініс көрсетті.