«Ұлы дала сарыны» 20.12.2018ж

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтайтын батырлық эпостарды, дәстүрлі әндер, тәлімді термелерін насихаттауда «Ұлы дала сарыны» атты батырлық жырлар оқуын өткізді. Орталық қызметкерлері «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Ер Қосай» т.б.жырлардың рухты жолдарынан үзінді оқып, көрермендер ілтипатына ие болса, «Саз колледжінің» жас өнерпаздары, жыршылар- Есімхан Жасұлан, Ғаппар Бибол кешті ән-жырмен өрнектеді. Іс-шара қорытындысында бөлім меңгерушісі ғалым М.Омаров ата-бабаларымыздан мирас болып жеткен елдік пен ерлік рухты, қайсарлық қасиеттерді сезіндіруде осындай жыр кештерінің маңызды екенін ерекше атап өтті.