«Ұлттық киімнің қадірі» 12.12.2018ж

Шымкент қаласындағы «Көрме» орталығында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы «Ұлттық киімдер» жобасы аясында «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалының қолдауымен «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығы отандық өнімдер мен қолөнер шеберлерін қолдау мақсатында

атты киім үлгілерінің фестивалі өтті. Іс-шараны Шымкент қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.у.а. Әлия Шалқарова ұлттық киім түрлері бүгінгі заман талабына сай, қазақы нақыштағы киімнің барша сымбаты, халқымыздың тарихы, ой-дүниесінің керемет көрінісі екендігін атап өтті. Фестивальге қатысқан сәнгерлер мен тігін шеберлері замануи киім үлгісін дайындауда алдымен ұлттық киімнің ыңғайлы, үнемділігі, тиімділігі мен сапасына мән берген. «Нұр Отан» партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Баһадүр Нарымбетов осындай керемет халық өнеріне ұлттық құндылық, қазына ретінде қарауды бастадық, алда осы құндылықты мәңгі рухани қайнарымызға айналдыру міндетін алға тартты.
Фестиваль нәтижесінде
Бас жүлде ОҚМПУ (ғылыми жетекшісі М. Еримбетов-150000 теңге) алса,
1-орын М.Ауезов атындағы ОҚМУ («Дизайн» кафедрасы жетекшісі Г.Дайрабаева- 120000 теңге)
2-орын Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі-100000 теңге
3-орын- «Тұмар» сән үйі ( жетекшісі Г. Есімбекова-80000 теңге) алды, ал қалған қатысушылар арнайы және ынталандыру жүлделері (50000 және 30000 теңге көлемінде) иемденді. Фестивальге қаламыздағы сән үй жетекшілері, жоғары оқу орны, колледж студенттері, мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері қатысты.