«Дәстүрге берік отбасы» 21.02.2019ж

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында отбасы құндылықтары мен тәрбие мәселесін насихаттау мақсатында «Дәстүрге берік отбасы» атты ток-шоу өтті. Шараны орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Абданбекұлы Тағаев ашып, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар мұрасын жаңғырту және ұрпақ сабақтастығын жалғастырып оны насихаттау-әрбіріміздің парызымыз деп атап өтті. Сәбит пен Гүлжазира Мүсіреповтер, Сейдеханов Жеңіс пен Сандуғаш Садыққызы отбасылары, Қалдықыз Оспанова, Әділбеков Үсен, көп балалы ана Қоңырбекова Эльмира, Егеубаева Айдана -өмірдегі шынайы кейіпкерлердің қатысуымен өткен шара барысында отбасы құндылығы мен қыз бала тәрбиесі, атастыру, баланы бауырына басу, әмеңгерлік және сүйек жаңғырту дәстүрлері жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Сыр-сұхбат соңында сарапшылар зейнеткер-ұстаз Шакура Сағынбайқызы Қадыркулова, «Байғұт баба» мешітінің бас имамы Дастан Сүлейұлы, Қаратау аудандық әйелдер кеңесі жанындағы «Ақжүніс» аналар үйінен Зульфия Бекмырзақызы, «Көркем» әжелер тобы,«Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының мерзімді басылымдар секторының басшысы Таңшолпан Сәулембай -бүгінгі көтерілген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз бағаларын берді.
Шараға мәдениет мекемелері қызметкерлері мен қаламыздағы ЖОО студенттері қатысты. Шара соңында орталық директоры қонақтарға алғысын білдіріп,сыйлықтар табыстады.