«Келін тәрбиесі- келелі тәрбие» 15.04.2019ж

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері отбасының берекесін арттыру, қоғамдағы отбасылық келеңсіздіктерді болдырмау, келін мен ене арақатынасын жақсарту мақсатында «Келін тәрбиесі- келелі тәрбие» тақырыбында «Шымкент Жоғары медицина колледжі» студент қыздары арасында сырласу кешін ұйымдастырды.
Шараның негізгі мақсаты халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін, жөн-жоралғысы сақталған ұлттық құндылықтарды қыз баланың бойында қалыптастыру. Кездесуде қазіргі қазақ қызының тәрбиесі, оларды отбасылық өмірге тәрбиелеу жолдары мен қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы көкейде жүрген мәселелер талқыланды. Кездесу барысында «Сарқылмас қазына» тележобасы аясында түсірілген қыз тәрбиесіне қатысты «Қызды оң босағаға отырғызу», «Қыз жасауы» сынды, келін мен ененің арақатынасы туралы бейнероликтер көрсетілді.