«Қолөнер-сырлы өнер» 21.05.2019ж

Атадан балаға мұра болып келе жатқан қазақтың қолөнері — шеберлері барда өлмек емес. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған көрмеге 15-тен астам шебер жиналып, өздерінің төл туындыларын көпшілік назарына ұсынып, қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарды қала тұрғындарына ұсынды. Бүгінгі көрмеге жергілікті жас қолөнер шеберлері мен зергерлер, сонымен қатар темірден түйін түйіп, сазды сәнді бұйымға айналдырған хас шеберлер бас қосты.
Көрмеде қойылған қос ішекті домбыра,торсық, дорба, масатыдан құрақталған көрпелер адамның көз жауын алады. Бұл бұйымдар — жәдігер емес, қолдануға жарамды дүниелер. Он саусағынан өнер тамған зергерлер мен шеберлердің ағаштан, күмістен жасалған құнды дүниелері мен былғарыдан тігілген бұйымдарын әкеліпті. Ондағы бұйымдар жұрт сән үшін емес күнделікті қолданысқа тұтынуға болатын сәндік дүниелер.