«Дәстүрім-асыл қазынам» атты энциклопедиялық жинақтың және «Ұлттық киімдер» альбомының тұсаукесер рәсімі. 10.07.2019 ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында дайындалған Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында баспадан жарық көрген «Дәстүрім-асыл қазынам» атты энциклопедиялық жинақтың және «Ұлттық киімдер» альбомының тұсаукесер рәсімі болды.
Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлеріміз, жөн-жоралғымыз, ұлттық ойындар мен рухани мұраларымызды насихаттап, қайта жаңғырту, оны халыққа ұсыну- жинақтың басты міндеті. Қәзіргі жаһандану уақытында тарих қойнауында жатқан асыл қазыналарымызды ұлт игілігіне жарату мақсатында жарық көрген еңбектің құндылығы да осында.
Үш үлкен тараудан тұратын энциклопедиялық жинақта ғұрыптар жүйеленіп, тараулар мен бөлімдерге бөлініп қамтылды.
Ал қазақтың ұлттық киімдері жинақталған альбомда кәсіпкерлердің, дизайнерлердің, сән үйлерінің, ЖОО, колледждердің бүгінгі заман талабына сай, күнделікті тұрмыста киюге ыңғайлы ұлттық нақыштағы заманауи ұлттық киім үлгілері ұсынылған. Атап айтсақ-Б.Бейісбеков, Г. Есімбекова,М.Ерімбетов, Г.Дайрабаева т.с.с көптеген дизайнерлер мен қолөнершілердің топтамалары енгізілген.
Шарада Шымкент қаласы маслихатының хатшысы Ғ.Ә.Ташқараев, «Нұр Отан» партиясының төрағасының орынбасары Б. Ш. Қуанышбеков, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.у.а. Ә. Сәкен, «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының басшысы К.Айдарбекова, Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі З. Оралбаева кітаптардың тұсауын кесіп, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Кітаптар үш тілде дайындалып, кітапханалар мен қонақтарға сыйға берілді.