“Ғибратты ғұрыптар” Бесікке салу дәстүрі

“Ғибратты ғұрыптар” айдарының алғашқы бастамасы көрермендерге жол тартпақ.
Қазақ қоғамында сонау ықылым замандарда бесікке бөлеу және бесік жырын айту сынды дәстүрлердің болғанына дәлелдер көп. Еңлік-Кебек жырында бесік құда туралы, Қобыланды жырында «Алтыннан бесік қойдырып, ақ торғынға бөлеген» деп жазылған. Бұдан өзге Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясында:
Қорқытпа менің баламды,
Гулей соққан ақ боран.
Балам әже қойнында, Келе алмайсың сен бұған, — деп басталатын бесік жырын кездестіруге болады. Мұның барлығы қазақ қоғамының қай кезде де баланы бесікке бөлегенін көрсетеді. Бұдан өзге де бесіктің түп-тамыры тереңде жатқанын дәлелдейтін аңыз-әфсаналар көп. Құрметті оқырмандар, бесіктің пайда болуы туралы аңыздарды қаншалықты білеміз? Ой бөлісе отырсаңыздар.