«Қолөнер-сырлы өнер»

2019жылдың 21 мамыр күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйытқы болуымен «Қолөнер-сырлы өнер» атты көрмеге 15-тен астам шебер жиналып, өздерінің төл туындыларын көпшілік назарына ұсынып, қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарды қала тұрғындарына ұсынды. Көрмеге жергілікті жас қолөнер шеберлері мен зергерлер,  сонымен қатар темірден түйін түйіп, сазды сәнді бұйымға айналдырған хас шеберлер бас қосты. Осы орайда ұлттық қолөнерді бүгінгі күнде заманауи үлгіде жалғастырып жүрген осы өңірдің танымал шеберлері, халықаралық дәрежедегі шеберлер Бейісбековтер отбасы, Мұхтархан Атахан, ағайынды Ізбасар мен Дінмұхаммед Мәдәлі, Аманқұл Н.,Б.Симова, Ә. Желдібаевтар өз өнімдерін ұсынып, өз кезегінде көрермендерге мастер-класс көрсетіп, жастарға өз өнерлерін үйретуден жалықпайтынын жеткізді. Көрмеде көпшілік назарына 200- дей шеберлердің туындылары мен 100 шақты зергерлік бұйым ұсынылды.