Биік болсын шаңырақ!

2020 жылдың 13 қазан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Биік болсын шаңырақ!» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағатын өткізді. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. Шаңырақ көтеру шарасына қаламыздағы жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері қатысты.