«Ұлттық ойын – ұрпақты шыңдайды»

2020жылдың 31 қазан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰРПАҚТЫ ШЫҢДАЙДЫ!» тақырыбында қаламыздағы Зообақ саябағында жастар арасында ұмыт бола бастаған ұлттық ойындар насихатталды. Бұл іс-шараның мақсаты қазақ халқының отбасылық тәрбие ғұрыптарын қайта жаңғырту барысында жас баланың ой-өрісің ұлттық ойындар арқылы дамыту.

Балалар «АРҚАН ТАРТЫС», «БЕСТАС», «ТЕППЕ» (ЛӘҢГІ), «АСЫҚ ОЙЫНДАРЫ», «АСАУ МӘСТЕК» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Бұл ойын түрлерін бүгінгі балалардың көбі біле бермейді. Сайысқа түскен жастардың қызығушылығы мен белсенділігінде шек жоқ.

Ойынның бала тәрбиесіне, денсаулығы мен ойлау жүйесіне әсері мол. Сондықтан, жаман қылық пен жауыздықтан алшақтатып, ұлтжанды ұрпақ өсіремін десеңіз, ұл-қызыңыздың бос уақытта немен айналысатынына мән беріңіз. Ұлттық ойын ұрпақ санасын арттыруға үлкен серпіліс береді.