Іс-шаралар

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Балаларға базарлық»

Шығармашалық ұжым ұйытқы болған іс-шараның бірі Түлкібас ауданында болып өтті. Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында «Балаларға базарлық» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен Б. Саттарханов атындағы балалар спорттық-сауықтыру лагері оқушылары арасында сайыс ұйымдастырылды.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Жүректі бір жаңарту»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстан Журналистер одағы мен С. Ерубаев атындағы жастар сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері, көрнекті ақын және жазушы Әкім Ысқақпен «Жүректі бір жаңарту» атты шығармашылық кездесу өтті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізіліп отырған іс-шараның негізгі мақсаты: оңтүстіктің тумасы белгілі ақын және жазушы ағамызбен бас қосу, оқырмандармен қауыштыру, ақын шығармаларын көпшілікке насихаттау.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Қымызмұрындық»

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы салт-дәстүрді жаңғыртуға рухани серпін берді. Осы негізде Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлері ел арасына шығып көне дәстүрлерді жаңғыртуда үлес қосуда. Соның бір айғағы — Түлкібас аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлескен «Қымызмұрындық» дәстүрі туралы іс-шара өткізілді.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Тойдан түйер ой»

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесіп, ел арасында танымал әнші-биші, асабаларды шақырып «Тойдан түйер ой» тақырыбында «Айтарым бар» ток-шоуын ұйымдастырды. Осы тақырыпта ой қозғаған әнші-сазгер Заттыбек Көпбосынұлы, асабалар Майра Ормолдаева , Гаухар ханым, Назарбек Үсіпахметов бүгінгі тойдың бағыт-бағдары, асабалардың той жүргізу мәдениеті, болашақта бұл мәселелерді қайта қарап, бір жүйеге түсіру, мазмұның жаңғырту жөніңде өз ой-пікірлерімен бөлісті. 

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Тағам және талғам»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ОҚО әкімдігі ішкі саясат басқармасының арнайы тапсырмасы бойынша ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарды насихаттау мақсатында «Тағам және талғам» атты салт-дәстүр семинары өтті. Семинардың мақсаты: ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдар туралы тереңірек мағлұмат беру, халық арасында ұлттық тағамдарды дәріптеу және насихаттау, қаламыздың танымал мейрамхана және салтанат сарайларының ас мәзіріне ұмыт бола бастаған ұлттық тағамдарымызды енгізу.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Руханият жолында»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Қазақстан Жастар Одағы, Халықаралық «Алаш» және Төлеген Айбергенов атындағы әдеби сыйлықтары мен «Құрмет» ордені иегері, көрнекті ақын, этнограф Қасымхан Бегмановпен «Руханият жолында» атты шығармашылық кездесу өтті.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Түркістан – Ер Түріктің бесігі…»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Түркістан қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе «Түркістан – Ер Түріктің бесігі…» атты 18-35 жас аралығындағы жазба ақындар арасында жыр мүшәйрасын ұйымдастырды. Түркістан қаласының «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілген бұл шараның негізгі мақсаты: жазба ақындардың шығармашылығын шыңдап, талабын ұштап, жас ақындардың тың туындыларын халқымыздың салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен байланыстыру, қоғам назарына ұсынып, көпшілікке насихаттау. 

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Ел болашағы – саналы ұрпақ»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы мен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының бірлесе ұйымдастыруымен «Ел болашағы – саналы ұрпақ» салт-дәстүр және әдет- ғұрып тағылымдарын тиімді пайдалану әдістері туралы аудандық, ауылдық мәдениет үйлерінің әдіскерлеріне арналған облыстық семинар-кеңес өткізілді.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Батаменен ел көгерер»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ОҚО Әкімдігінің тапсырмасымен ОҚО аудан, қалаларында ардагерлер үйінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Батаменен ел көгерер» тақырыбында батагөй қариялар байқауы ұйымдастырылды.  Байқаудың мақсаты  қол жайып бата сұрағанға жол ашатын, бақ тілейтін мәні мен маңызы зор, сөзі үміт сыйлайтын бата беру дәстүрін қайта жаңғырту.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Ұлы дала ойындары»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлері облыстық қосалқы мектеп интернаты оқушыларына қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау аясында «Ұлы дала ойындары» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында мүмкіндігі шектеулі интернат тәрбиеленушілері «ақшамшық» (сақина салу), «асау мәстек», «арқан тартыс», «бестас», «арынды арқан» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Үкілі ару» 

Қыз баласы – ертеңгі ана, отбасының ұйытқысы. Қазақ қызы барған елін көгертіп, көбейтіп, мерейін үстем етіп, кез-келген жағдайда отбасы тірлігін дөңгелетіп кеткен. Оған кешегі жоқтан бар жасай білген дана әжелеріміз бен бүгінгі аналарымыз дәлел. Ал, қазіргі заман дамыған елде қазақтың қызы үй жағдайындағы тірлікті қаншалықты алып кетеді деген сұрақ туады? Осы мәселе тұрғысында алатындығын білу үшін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыс көлеміндегі аудандар арасында «Үкілі ару» байқауын ұйымдастырды.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.«Ел қорғаны-батырлар»

Балаларымызды ұлтжандыққа тәрбиелеуде батырлар жырының алар орны ерекше. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында қалалық мектеп оқушылары арасында «Ел қорғаны-батырлар» тақырыбында жас жыршылар байқауын өткізді.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Бесік жыры-тәрбие бастауы!»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе «Бесік жыры-тәрбие бастауы!» атты облыс көлеміндегі келіндердің байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — отбасындағы ата- ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым — қатынасты нығайту.

Фото Салта-дәстүра Орталығы.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға…»

Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы мен Төлеби ауданының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе, аудан тұрғындарының аңшылар қоғамы мүшелерімен «Қансонарда бүркітші шығады аңға…» тақырыбында аңшылар арасында саятшылық өнерін насихаттау аясында этнографиялық танымдық шара өтті.

«Сын сардары — Әшірбек Сығай»   3

Көрнекті театр сыншысы, жерлесіміз Әшірбек Сығай туралы белгілі режиссер Халила Омардың «Сын сардары» атты деректі фильмінің тұсаукесеріне облыстық театр қызметкерлері С.Өтемісов, М.Ілиясқаров, М. Айтжанов, С.Қасымбек, Б.Спанов сондай-ақ зиялы қауым өкілдері М.Байғұт, Н.Бегалы, Б.Оразымбеттер қатысты.

 

 

1

Ә.Қастеевтің 110 жылдығы 

Бейнелеу өнерінің негізін салушы, Қазақстанның халық суретшісі, әйгілі кескіндемеші Әбілхан Қастеевтің 110 жылдығына орай балалар көркемсурет мектебімен бірлескен «Салт-дәстүр Қастеев қылқаламында» атты іс-шара өткізілді.

 

 

2

«Қазақ хандығына — 550 жыл»

«Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» заңдық құрылымдарының негізінде №80 лицей мектебінің оқушыларымен бірлескен «Хандар салған сара жол» атты танымдық-кеш өткізілді.

 

 

 

3+

«Нұрлы жол — менің жолым»

Елбасының халыққа жолдаған «Нұрлы жол — болашаққа бастар жол» Жолдауының аясында химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі оқушыларының арасында «Зейінділік», «Нұрлы жол – менің жолым», «Тапқырлық», «Қонақкәде» деп аталатын 5 кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыс өтті.

 

 

 

4

Анаға ізет

Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай, 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне байланысты әзірбайжан, түрік, күрді этномәдени орталықтарының қатысуымен «Анаға ізет» атты іс-шара өткізілді.

 

 

 

51668a733e67d

«Жас қаламгер»,»Жас ғалым»

   ҚР мектеп оқушылары арасында ай сайын өтетін «Жас қаламгер», «Жас ғалым» шығармашылық байқауының жеңімпаздарын марапаттау. “Жас ғалым” республикалық ғылыми танымдық журналының ақылдастар алқасы мен “Әдет-ғұрып және салт-дәстүр” орталығының қызметкерлері қатысты.

 

 

1

«Ана бір қолымен бесікті тербетсе…»

    «Ана бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен әлемді тербетеді» тақырыбында ұлттық қолөнерді дәріптеуде балалар көркемсурет мектебімен бірлесіп, ақжаулықты әжелердің қолынан шыққан дүниелерінен көрме ұйымдастырылып, концерттік бағдарлама қойылды.

 

 

2

«Пейіш ананың табанының астында»  

 ҚМДБ ОҚО бойынша бас имам  Ахметжан қажы Керімбек,   наиб имамдар Бегайдар Әміре мен Талғат Бақытұлы  имандылық аясында №58 жалпы орта мектептің ұстаздары мен оқуышалырына сұхбат жүргізді.

 

 

1

Қырдағы ел ойдағы елмен араласып…

 Биылғы Наурыз мерекесін өзгеше реңмен атап өтуде «Көрісу күніне» байланысты сахналық қойылым қойылып, ақын-жазушыларымыз, Мархабат Байғұт, Әселхан Қалыбекова жиналған қауымға Көрісу күнінің мән–мағынасын жете түсіндіріп, ақ батасын берді.

 

 

 

1

«Ойынменен бой түзейді жас ұрпақ…»

  Ұмыт болған ұлттық ойындарымызды жаңғырту мақсатында қаламыздағы №57, №72, №89, №90 жалпы орта мектептер оқушыларының арасында асық, ләңгі тебу, шекем-тас, тоғызқұмалақ ойындарынан сайыс өтті.

 

 

 

1

Термелетем тер төгіп…

  Іс-шара барысында еліміздің төрт тарапының шығыс, батыс, солтүстік, оңтүстік (Сыр, Жетісу) махамдарын өнерлеріне арқау еткен термешілер тағылымы өткізілді. Республикалық терме сайыстарының жеңімпаз жүлдегерлері О.Төлендиев, Б.Айдаров, Е.Бегәлиев, Ә.Нұрлыбаев  сонымен қатар, облыстық Б.Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернатының термешілері қатысты.

 

3

Алтын қолдын аспаптары

 Қолөнерші, этнограф, ұлттық саз өнерін дәріптеуші Кендебай Қарабдаловтың шеберлік сыныбы өткізіліп, көне саз аспаптарының шығу, жасалу тарихы жайында баяндап, ойнау тәсілдері көрсетілді.

 

 

 

2

Тал бесіктің әлдиі

Ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді насихаттауда М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Мәдени тынығу» кафедрасының студенттерімен бірлесіп ұйымдастырылған аталмыш іс-шарада уату өлеңдері мен бесік жырларынан сахналық қойылымы көрсетілді.

 

 

1

Әр шаңыраққа шаттық тілейміз

 Шаттық күнінде Шығыс халықтары қазақ,  қарақалпақпен қоса славян этномәдени орталықтарының өкілдері өнерлерін көрсетті.

 

 

 

 

4

«Қозы Көрпеш- Баян сұлу» күні

Ұлтымыздың ғасырлар бойы махаббат символына айналған «Қозы-көрпеш Баян-сұлу» күнін насихаттауда  М.Әуезов атындағы ОҚМУ студенттерімен бірлескен «Кестелі орамал» атты әдеби-драмалық кеш ұйымдастырылды. Ең алдымен сайысқа түскен серілеріміз өздерін таныстырып өтті. Сайыс «Ақ білектің күшімен», «Білімді өрге жүзер», «Сегіз қырлы, бір сырлы», «Қылықтыма тарту» деп аталатын 4 бөлімнен тұрды.

 

3

Салт дәстүрде бейнеленген қолөнер

Бұл күні балалар көркемсурет мектебі ұстаздарының шеберлік сыныбы өткізіліп, көрме ұйымдастарылды. Киізден түрлі аксессуралар жасайтын тәжірибелі ұстаз Г.Кұлтаева дәстүрлі ұлттық өнер мен заманауи қолданбалы өнерді ұштастырудың маңызын көрсетті. Сондай-ақ шебер А.Жиенбаева «нуновойлок» өнерінде жібек мата мен меринос қойдың жүнімен араластырып, қазіргі қолданыстағы орамалдар мен шарф жасау технологиясын көрсетсе, жас ұстаз Г.Тажибекова Ежелгі Египеттің  «энкаустика» өнерінде балауызбен сурет салуды көрсетті.

 

1

Кешегі сал-серінің жалғасымыз

Ұлттық құндылығымыздың бірі сал-серілік дәстүрін қайта жаңғырту мақсатында ұйымдастырылған іс-шарада «Біржан сал» фильмінен үзінді көрсетіліп, режиссер, актер М.Айтжанов І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасынан үзінді оқыды. Біржан Салдың «Айбозым», Ақан серінің «Майда қоңыр», Үкілі Ыбырайдың «Гәкку»,    сондай-ақ  Иманжүсіптің де  әндері шырқалды. Оңтүстік Қазақстан саз колледжінің «Шабыт» домбырашылар ансамблінің күй тартысы орындалып, А.Орынбасар Т.Айбергеновтың «Бұл қазақта жігіттер бар нарқасқа» атты өлеңін оқыды.

1

 Салтым аман, тамырлы халқым аман

  Батырбек Өтеп атындағы дарынды балаларға арналған «Өнер» мектеп-интернаты шеберлерінің халқымыздың төл тарихында ойып орын алатын, сирек қолданыстағы музыкалық аспаптарынан көрме ұйымдастырылып, дәстүрлі күйлеріміз бен дәстүрлі әндеріміз шырқалды.

 

 

1

Ұрпаққа ұран болған

 Ұлы жеңістің 70 жылдығына орай №69 жалпы орта мектебімен бірлескен соғыс ардагері Сауранбаев Шеріммен кездесу кеші өтті. Салтанатты кеш айтыскер ақын Н.Есенқұловтың арнауымен басталып, осы мектептің музыка пәнінің мұғалімі Б.Есентаева бастаған оқушылар өз өнерлерін көрсетті.

 

 

 

2

Жауынгер елдің ұрпағымыз

7 мамыр ҚР қарулы күштері күніне байланысты ауған соғысының ардагері М.Е.Ырысбаев, М.Сапарбаев атындағы ОҚО гуманитарлық институтының аға оқытушылары, ҚР Қарулы күштер ардагерлері, полковник З.Ф.Әзнабаев, Т.Л.Саққұлақовтар бастан өткен жауынгерлік жолдарын, сол кездегі қан майданға қатысқан жауынгерлердің ерлік істерін әңгімелеріне арқау етті. «Қыран» сарбаздар тобы өздерінің жауынгерлік өнерлерін көрсетті.

 

 

2

Көрдің бе оның әкесін…

Ұлттық құндылығымыздың бірін насихаттауда Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған әдеби танымдық кеш Жамбыл Жабаевтың майданда ерлікпен қаза тапқан ұлы Алғадайды жоқтау жырынан сахналық көрініс көрсетілді.

 

 

 

 

058

Дәстүріңді таны

  1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шара қуыршақ театры мен облыстық цирк өнерпаздарының қатысуымен өткізілді;

 

 

 

IMG_1489

Ата дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі орны

Облыстық мұражай, кітапхана қызметкерлерінің қатысуымен өткізілген ғылыми-тәжірибелік конференцияны ОҚО Мәдениет басқармасының басшысы К.Айдарбекова    ашып, ҚР ҰҒА академигі,  профессор Мекемтас Мырзахметов, профессорлар  Нәсіпханым Камалова, Асма Қалыбекова, Баршагүл Исабек, ф.ғ.д, Қалипа Атемова  сынды танымал ғалымдар мен өңірдің тарихи мұражайларының ғылыми қызметкерлері бүгінгі ұрпақ тәрбиесіндегі өзекті мәселелерді ортаға салды.

 

1

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз    

22 қыркүйек ҚР халықтарының тілдер мерекесіне орай Б.Өтеп атындағы өнер мектебі мен балалар көркемсурет мектебі оқушыларының арасында 5 кезеңнен тұратын интеллектуалды сайыс өтті.

 

 

 

_MG_3944

  Қарттарымыз асыл қазынамыз  

 1 қазан — бүкіл әлемдік қауымдастықтың халықаралық қарттар күні. Осыған  орай жастар бойына халқымыздың салт-дәстүрлерінен нәр алып өсуіне, жақсы мен жаманды ажырата отырып, аталы сөздерден ғибрат алу сияқты асыл қасиеттерді сіңіру мақсатында ОҚО Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының өнер қайраткерлері, ардагер актерлері Ошат Рахимов, Сапарбай Өтемісов, Мәжит Ілиясқаров қонаққа шақырылды. Кездесу баршамызға белгілі 80 жылдық тарихы бар облысымыздағы Ж.Шанин атындағы академиялық драма театрының тарихы, өмірден өткен театр тарландары, олардың өмір жолы мен өнердегі табыстары, бүгінгі театр өнерінің хал-ахуалын әңгімелеріне арқау етті.

 

_MG_4586

 Ақын айтса, ақиқат оянады  (іріктеу кезеңі)

Қазан айының 15-ші жұлдызында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының бірлесе  ұйымдастыруымен «Ақын айтса, ақиқат оянады» атты облыстық жас ақындар айтысының іріктеу кезеңі өткізілді. Айтыстың мақсаты қазақтың төл өнерін дәріптеу арқылы жастарды қоғамның белсенді азаматтары етіп тәрбиелеу және оларға қолдау көрсету. Бірінші кезеңге 8 жұп қатысып, 5 жұп ақтық сынға жолдама алды.

 

 

8«АҚЫН АЙТСА АҚИҚАТ ОЯНАДЫ» (ақтық кезеңі)

  Құлағында Омарбайдың ойлы орамдары қалған оңтүстіктің жас толқындарымен таныстыру мақсатында 2015 жылдың 23 қазанында  «Ақын айтса ақиқат оянады» атты облыстық жас ақындар айтысының  2-ші кезеңі өткізілді.

Бас жүлдені Төлеби ауданының тумасы Аян Ниязбек иеленсе,   1-ші орынды Шымкенттік Анапия Нұрғали, 2-ші орынды Б.Өтеп атындағы өнер мектебінің оқушысы Бекжан Базарбек, 3-ші орынды Шымкент қаласынан Балқаш Жұмәліұлы мен Түркістандық Гүлмарал Сейдахмет өзара бөлісті.

«Тәушен Әбуова» арнайы жүлдесін – Отырар ауданынан Ғазиза Жаппар, «Орынбай Тайманов» арнайы жүлдесін Түркістан қаласынан Жанғали Мұсаев, «Көппай Омаровтың» арнайы жүлдесін Төлеби ауданынан Бекарыс Рахматуллаев иемденсе, ынталандыру сыйлықтарымен Бәйдібек ауданынан Ермек Тұрғанбек пен Отырарлық Мықтыбек Нұрай марапатталды.

 

 

12183018_1645141875767605_6719395398713068328_o   Қазақ тарихындағы Ордабасы тауының алатын орны 

  Қараша айының 6-сы күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Оңтүстік аймақтық филиалы және «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Қазақ тарихындағы Ордабасы тауының алатын орны» атты ғылыми-конференция өтті.
Жиын барысында ф.ғ.д., профессор Мекемтас Мырзахметұлына, «Концерн TNS-group» заңды тұлғалар бірлестігінің құрметті президенті, Атырау қаласының Құрметті азаматы Төкен Танаұлына, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің басшысы Бейбіт Сыздықовқа, «Жанұя ЖШС-нің директоры Жұмағали Білісбековке «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қорының атынан «Қазығұрт – Алтын қазық» белгілері табысталды.

 

«Тектіліктің тұрағы – тұлғалыққа тірек: Елбасы және Тәуелсіздік»

 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тектіліктің тұрағы – тұлғалыққа тірек: Елбасы және Тәуелсіздік» атты химия-биология және физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектептерімен бірлесе Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында қос мектеп оқушылары тақырыптың өзектілігін анықтай отырып, өзара пікір алмасты.

 

«Діни секталардың адамзат өміріне қауіптілігі»

 Қаңтар айының 28 күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Діни секталардың адамзат өміріне қауіптілігі» атты тақырыпта кездесу өтті. Онда бүгінгі діни ағымдар мен секталардың белгілері және оның кері ұстанымдары, олардан сақтану жолдарын түсіндіру мақсат етілді. Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқармасы Әлеуметтік бастамалар орталығының Оңалту жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің мамандары Исмайл Абулхайров және Кенжебек Рысбеков Қайтпас-1 мөлтек ауданындағы «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы Ербол Қалшабеков қатысты.

 

«Қылқаламда дәстүрім»

Балалар көркем сурет мектебімен бірлесе Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ҚР суретшілер одағының мүшесі, «Алтын адам», «Ғасырлар үні», «Арыстан баб», «Тәуелсіздік» пен «Бәйдібек» ескерткіші авторларының бірі, «Наурыз» монументальді бедерлік панноның авторы, суретші-кескіндемеші Серік Жорабековпен «Қылқаламда дәстүрім» тақырыбында шығармашылық кездесуі өтті. Белгілі өнер иесінің туған жер қасиетін танытудағы еңбектері арқылы болашақ жастардың бойында қазақтың ұлттық өнеріне деген сүйіспеншілігі, қызығушылығын тудырды. Қылқалам иесінің әңгімесі бүгінгі бейнелеу өнерінің жай-күйі, бағыт-бағдарымен танысуға арналды. Талант иесінің шығармашылық кешіне өнерлі жастар, суретшілер, мамандар сондай-ақ ұлттық өнердің жанашырлары қатысты.

 «Біз – Қазақстандықпыз»

Бүгінгі таңда қазақ тілін білетін өзге ұлт балаларына қолдау көрсету, балалар мен жасөспірімдер арасында мемлекеттік тілді дамыту және оның қолдау аясын кеңейту өзекті мәселелердің бірі ретінде қаралуда. Бұл үшін қосымша білім беру күн тәртібіне қойылуда. 5 ақпан күні Облыстық оқушылар сарайы мен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының бірлесе ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, қалалық мектеп жасындағы этнос өкілдерінің балалары арасында «Біз – Қазақстандықпыз» атты байқау ұйымдастырылды.

 «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»

Ақпанның 12 күні қаламыздың №78 жалпы орта мектебі мен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығымен бірлесе Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығы, Ұлы тұлға А.Құнанбаев пен жыр алыбы Ж.Жабаевтың 170 жылдық мерей тойына орай «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты қалалық өнер фестивалін өткізді.

Қалалық білім бөлімінің өкілдері, мектеп мұғалімдері тәуелсіз еліміздің ширек ғасырлық белестері, елеулі кезеңдері, Ұлы ақы Абай, Жамбыл жырларындағы тәуелсіздік жайындағы идеялары кеңінен талқыланды.

 «Көгімде менің-көк туым!»

Орталықта өткен ақпан айындағы кезекті іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Көгімде менің-көк туым!» атты интеллектуалды сайыс түрінде өтті. Сайысқа қатысқан Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп гимназиясы, Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын №1 мектеп-интернаты, №2 «Дарын» мектебінің лидерлерінен құрылған топтар «Ұланымын ұлы елдің!», «Тапқыр болсаң…», «Тәуелсіздік ұраным!», «Он саусағым өнерлі», «Жырлаймын туған елімді» т.б. талаптар төңірегінде ой-өрістерін талқыға салды.

Жас өрендердің зейіні мен біліміне тәнті болған орталықтың жаңа басшысы Асылбек Ихсанов сәт-сапар тіледі. Сайыс соңында, үздік деп танылған өнерпаздар алғыс хатпен марапатталды.

 «Көрісіп күлімдесіп, мауқын басып…»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұмыт бола бастаған дәстүрлерді насихаттауда 14 наурыз күні наурыз мерекесі аясында Көрісу күніне орай Шымкент қаласы білім бөлімінің Оқушылар Сарайымен бірлесе «Көрісіп күлімдесіп, мауқын басып…» атты танымдық кеш өткізді. Бұл күні дәстүр бойынша ойдағы ел, қырдағы елмен араласып, қыстан қысылып шыққан ағайындар бір-бірімен көрісіп, саулық сұрасады. Сағынып жолыққан ағайынның қуанышы сол күнді ән-күйге ұластырып, мәре-сәре болған. Араз ағайындар да осы күні татуласқан.
Оқушылар сарайы шәкірттерінің дәстүрлі ән-жырымен өрілген бұл мереке Елбасы саясатының елді бірлік пен ынтымаққа үндеуіне үн қосқан шара. Мұндай шаралардың ұрпақ тәрбиесінде алатын орны зор.

 «Ұлттық салт-дәстүр – бесік жырында»

«Наурыз Оңтүстіктен басталады» мерекелік іс-шаралар аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай «Ұлттық салт-дәстүр нәрімен сусындаған – бесік жыры» атты жас аналар байқауы өтті.

Байқауда Шымкент қаласының мектеп мұғалімдері, ЖОО студенті мен банк қызметкері бақ сынасты. Жас келіндердің ибалы өнегесі, салт-дәстүрді сақтай білуі, таным-парасаты сарапқа салынды. Байқауға ақын, Халықаралық «Физули» атындағы сыйлық иегері Құрал Көмек, Облыстық Мәдениет басқармасының қызметкері Жұмағұлова Аяулы және М.Әуезов атындағы ОҚМУ оқытушысы Қонысбаева Аққу Абумуталифқызы төрелік етті.

 «Ұлттық ойын ұрпақты шыңдайды»

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ұлттық ойын ұрпақты шыңдайды» атты сайыс өтті. Сайыстың мақсаты қазақ халқының отбасылық тәрбие ғұрыптарын қайта жаңғырту, жас ұрпақтың ой-өрісін, ұлттық ойындар арқылы дамыту. Көнерген дәстүрлі ойындарды бүгінгі күні қолданысқа енгізу арқылы дені сау, зейінді ұрпақ тәрбиелеу. Бағдарлама бойынша ұлттық ойын түрлерінен «Омпа», «Хан талапай», «Бес тас», «Ләңгі», «Қасқыр мен қойшы», «Арқан тартыс», «Мешкей» ойындарынан бәсекелесті.

Сайысқа Шымкент қаласындағы №80 мектеп лицейі, №58, №88 жалпы орта мектептері және А.Асқаров атындағы №77 мектеп лицейінің оқушылары қатысты. Мерекелік шараға келген Нұр Отан партиясының ардагері, штаб мүшесі Тұяқбаев Бердіқұл Исаұлы, Сакенов Абидин Зайлабдинұлы, Мәдібеков Оңласбек Мүтәліұлы, Бекназаров Ерлан Нұрланұлы қатысушы оқушылардың шеберлігіне оң бағаларын берді. Жеңімпаздар түрлі номинациялармен марапатталды.

 «Ұйқыашар мен Селтеткізер» дәстүрі

Наурыз мерекесі қарсаңында көнерген салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мақсатында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ұйқыашар мен Селтеткізер» дәстүріне құрылған түсірілім өтті. Дәстүр бойынша ауылдың шаруашылықтан қолы босаған қыз-келіншектері жиналып, бас қосып «Ұйқыашар» әзірлейді. Ол уыз, ет сияқты дәмді тағамдардан жасалады. Жігіттер қыз – келіншектерге сақина, сырға, айна, тарақ т.б. сыйлықтар береді. Оны «Селтеткізер» деп атаған. Бүгінгі қойылымда ұмытылған салт-дәстүрлердің мәні толық сипатта ашылды. Осылайша бабалар дәстүрін қайта жаңғыртқан түсірілімнің жас ұрпаққа берер тағлымы мол болды.

 «Тұсауыңды кесейін, Құтты қадам тілейін!»

   Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Тұсауыңды кесейін, Құтты қадам тілейін!» атты танымдық шара өтті. Шараға «Шашу» әжелер тобы, Ж.Омарова атындағы №1 саз мектебінің фольклорлық ансамблі, №90 жалпы орта мектебінің мұғалімдері мен орталық қызметкерлері қатысты.
   Бала өміріндегі ерекше той ретінде бұл рәсімнің мәні зор. Ел арасында «Тұсауы кесілмеген бала көп сүрінеді» деген наным бар. Рәсім бойынша жақсы ниетті ырымға сай шөп, ала жіп, тоқішегімен тұсауы кесіледі. Ала жіп-ақтық пен адалдыққа, майлы ішек-байлыққа, көк шөп өсіп-өнуге шақырады.
Жасы үлкен, елге қадірлі кісінің батасын алып, тұсауын кестіріп кәдесін береді.Аяғына тұсау байлаған соң баланың етегіне теңге не құнды зат байланады. Ол зат «Байламберем» мен «жүгірттік» деп аталған.
   «Тұсаукесер» – баланың осы өмір сапарының сәтті болуы үшін ақ ниетпен жасаған халқымыздың аса құнды салт-дәстүрінің бірі саналғандықтан, бүгінгі шара осындай өзгеше танымдық реңкке негізделді.

«Қазанғап мұрасы-ұрпақ қазынасы»

«Бір өлке – бір кітап» акциясы аясында ақындық дәстүрді жаңғыртуда жерлесіміз — жыршы, айтыскер ақын Қазанғап Байболұлының 125 жылдығына арнап, «Қазанғап мұрасы-ұрпақ қазынасы» атты әдеби-танымдық кеш өткізді. Мақсаты — Оңтүстік өңіріне аты мәлім дарынды тұлғаның өмірі мен жыр-дастандарының, өзіндік өрнегін жұртшылыққа жеткізу. Кеш қонақтарынан Қазанғаптанушы Әсет Кембаев халық ақыны туралы тың деректер берді. «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы директорының орынбасары Гүлмира Алпысбаева, А.С. Пушкин атындағы ОӘҒ кітапханасының бөлім басшысы Аяш Мұртазаева, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының маманы Аққыз Әзімбекова ақынның өмірі мен еңбектеріне кеңінен талдау жасады. №90 мектеп оқушылары Қ.Байболұлының өлең-толғауларын, төлебилік өнерпаз Самат Атабаев ақынның термелерін төкті. Орталық директоры Асылбек Ихсанов кеш қонақтары мен жас оқырмандарға ризалығын білдірді.

«Сүйікті мен Сүйкімді»

 Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжімен бірлесе ұйымдастырған ұлтымыздың ғасырлар бойы махаббат символына айналған «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» күніне орай «Сүйікті мен Сүйкімді» атты байқау өтті. Өнерлі де, ізетті, сұлу да, сымбатты, халқымыздың салт-дәстүрінен түсінігі мол оқу ордасының қазақ қыздары мен «Нағыз жігіт» деген ұғымға сай келетін азамат, сұлулықтың сырын ұғына алатын үміткерлер қатысты. Сайыс «Таныстырсам өзімді», «Өнер көкке жеткізер», «Махаббат аялдамасы» атты кезеңдерден тұрды. Қатысушылар сахнада ғашықтар бейнесіне еніп, театрландырылған көрініс көрсетті. Байқау қорытындысында өнерпаздар түрлі номинациялармен марапатталды. Жас ұрпаққа қазақтың салт-дәстүрін насихаттауда сайыстың берері мол болмақ.

«Салт-дәстүрдің бала тәрбиесіндегі орны»

    Шымкент қаласы ІІБ Қаратау полиция бөлімі бірлесе кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық профилактикасы бойынша №83 жалпы орта мектеп оқушыларымен «Салт-дәстүрдің бала тәрбиесіндегі орны» атты тақырыбында кездесу өтікізді. Кездесуге Қаратау ЖПК ЮПБ аға полиция капитаны А.Кадирбаев, ЮПТ инспекторы, полиция майоры А.Акбалаева, орталық қызметкерлері Г.Пазылбекова, Р.Алтыбаева, Д.Қалмұрзаевтар қатысты. Кездесуде Г.Пазылбекова, Р.Алтыбаева қазақ халқының дәстүрлі тәрбие үлгілері аясында лекциялар оқып, түсірілімдер көрсетті. Кесдесу соңында оқушылар өздерінің толғандырған сұрақтарына орталық кызметкерлер тарапынан қанағаттанарлық жауаптар алды.

«Тәуелсіздікке тартуым»

     Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздікке тартуым» тақырыбында қолөнерші Бекова Ырысжан Баймұхамбетқызының жеке көрмесі өтті. Көрмеге ою-өрнекпен көмперілген түрлі құрақ көрпе, сырмақтармен қоса кескіндеме жанрындағы туындылар және ұлттық нақыштағы киім үлгілері қойылды. Бүгінде 80 жасқа толып отырған әже жүн сабауды, оны сұрыптау мен бояп өңдеуді, иіріп жіп алу, түрлі бұйымдар дайындау әдісін үйретсе, ал әжеміздің немересі, ұлттық музыка аспаптардан жасаудың қыр-сырын меңгерген Рысбеков Қуаныш Маратұлы ұлттық аспаптардан домбыра, қобыз, шертердің жасалу технологиясын көпшілікке ұсынды. Көрме соңында «Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» әншісі, Республикалық конкурстардың бірнеше дүркін жүлдегері, мәдениет майталманы Қалыбекова Гүлмира Диханбайқызы өз өнерін паш етті.

 «Достығымыз жарасқан»

    Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және 1 мамыр — Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне орай, Шымкент қаласының білім бөлімінің «Оқушылар сарайымен» бірлескен «Достығымыз жарасқан» атты өзге этнос балалары арасындағы интеллектуалды сайыс өтті. Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті өмір сүруде. Шымкент қаласындағы №17, №94, №68 жалпы орта мектептері, №9 мектеп-лицейі, №99 мектеп-гимназиясының оқушылары сайысқа қатысты. Мерекелік шараға Оқушылар сарайының «Достық» музейінің меңгерушісі Айткүл Есімханова,«Этномәдени бірлестіктермен жұмыс жүргізу» бөлімінің маманы Бақытжамал Нұртай, А.С.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясы директорының орынбасары Гульфайраз Ержанова төрелік етті. Бағдарлама бойынша «Өзін-өзі таныстыру», «Салт-дәстүрім тамаша», «Өнерліге — өріс кең» кезеңдерден тұрды. Қорытындысы бойынша 1-орын №9 мектеп-лицейі, 2-орын №68 жалпы орта мектеп, 3-орын №99 мектеп-гимназиясына бұйырды. Өзге өнерпаздар да түрлі номинациялармен марапатталды. Бүгінде әрбір ұлттың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрін берік сақтап келудің бір белгісі осы шарада жас ұрпаққа дәріптелді.

«Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі»

  Шымкент қаласы ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе Шымкент көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі студенттеріне ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеуде «Қыз тәрбиесі — ұлт тәрбиесі» тақырыбында танымдық лекция сабағын өткізді. Кездесуге ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ж.Ерғазықызы, психолог маман З.Қалмырзаева, орталық қызметкерлері А.Тастанова, Р.Алтыбаева, Л.Кәдірбек қатысып, олар қазақ халқының қыз тәрбиесі жөнінде мазмұнды әңгіме жүргізді. Жастар ресурстық орталығының психолог маманы қазіргі таңдағы қыздар тәрбиесінің кейбір тұстарын психологиялық тұрғыдан жан-жақты талдап өтті. Студенттер өздерінің көкейінде жүрген сұрақтарын қойып, маман тарапынан қанағаттанарлық жауап алды.

 

«Отбасы тәрбиесі: кеше, бүгін және ертең»

 Химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен бірігіп, отбасы күніне орай «Отбасы тәрбиесі: кеше, бүгін және ертең» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Баланың алғашқы тәрбие алатын орны – отбасы. Отбасында баланың мінез-құлқы, әдет дағдысы қалыптасады. Шымкент қаласы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» басшысының орынбасары Альжанов Ерлан, ОҚО дін істер басқармасы «Дін мәселелерінің зерттеу орталығы» МКМ-нің «Әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің теолог маманы Асхатұлы Жалғас, химия-биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің жатақхана координатор тәрбиешісі Сагинбекова Палзада қатысып, отбасындағы дұрыс тәрбие ұл мен қыздың болашақта ұрпақ сабақтастығын жалғастырып, қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасу қажеттігінен туындап отырған мәселелерді ортаға салды. Көрермендер сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру, отбасының жауапкершілігін күшейту, отбасы жайлы түсінікті кеңейту мақсатындағы бұл шараның берері мол болмақ.

«Ырым-тыйымның тылсым сырлары»

  Шымкент қаласы Ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығымен» бірлесе Оңтүстік Қазақстан Педагогикалық колледжі студенттеріне қазақтың ырым-тыйымдарына байланысты «Ырым-тыйымның тылсым сырлары» және «Қызды оң босағаға отырғызу» тақырыптарында дөңгелек үстел өткізді. Кездесуге Ішкі саясат бөлімінің Жастар ресурстық орталығының психолог маманы З.Қалмырзаева, орталық қызметкерлері Г.Жақанқызы, Р.Алтыбаевалар қатысты. Қазіргі қоғамдағы қыз тәрбиесінің өзекті мәселелеріне арналған бұл жиынның ұрпақ келешегі үшін мәні зор.

                          Әрқашан күн сөнбесін!

  Шымкент қаласының Орталық саябағында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Нұрлы болашақ» Бүкілқазақстандық акциясында «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» мен Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы бірігіп, «Әрқашан күн сөнбесін!» атты тақырыпта 3Д форматта асфальтқа сурет салудан мектеп оқушылары арасында байқау өткізді. Бүгінгі бейбіт заманның келбеті балалардың қаламына арқау болды.
Байқауда: Бас жүлде – Шыңғыс Аружанға, I орын – Байзақова Аминаға, II орын – Әділбек Сәнияға, III орын – Әбдіхан Әселге бұйырды. Суретшілер байқауын ұйымдастыруда белсенділік танытып, оқушылардың көркемдік, эстетикалық, шығармашылық әлемін дамытуда қосқан үлестері үшін Балалар көркемсурет мектебінің директоры Т.Б.Оразова, мұғалімдері – Г.П.Кулиева, А.Б.Қалмұрзаева, Р.Қ.Тастанова, Ғ.С.Қарабаевалар алғыс хаттармен марапатталды.

        Астана – кеше, бүгін

  Елордамыз Астана күніне орай, «Астана – кеше, бүгін» тақырыбында орталық қызметкерлері мен келген қонақтарға лекция оқылып, фото көрме өтті.

Жиылған көпшілік Астананың кешегі келбеті мен бүгінгі бейнесін тамашалап, Елорданың шын мәнісінде қарқынды дамып келе жатқанына көз жеткізді. ЕХРО – 2017-ге арнайы салынып жатқан нысандардың сұлбасын көріп, еліміздің даңқын асқақтатар тарихи оқиғаға айналатынына сенім білдірді. Астананың аспанымен таласқан зәулім ғимараттарын бейнелеп тұрған көрменің фотолары бағаналы орда басты ордамыздың ажарын барынша ашып тұрғаны көңілге қуаныш ұялатты.

 Ойынмен бой түзейді жас ұрпақ

Шымкент қалалық оқушылар сарайымен бірлесе «Ойынмен бой түзейді жас ұрпақ» атты тақырыпта ұлттық ойындардан Шымкент қалалық Орталық саябағында сайыс өткізді. Сайыста қазақ халқының ұлттық ойындары «Арынды арқан», «Асау мәстек», «Қасқыр мен қойшы», «Арқан тартыс», «Санамақ», «Ханталапай» және өзге де асық ойындарының түрлерінен командалар бәсекелесті. Мектеп жанындағы сауықтыру лагерінің оқушылары арасында өткізілген бұл сайыста бас жүлдені «Барыс» тобы иеленсе, І орын – «Улыбка», ІІ орын «Сұңқар», ІІІ орын «Қызғалдақ» топтарына бұйырды.

Ойынмен бой түзейді жас ұрпақ

«Ойынмен бой түзейді жас ұрпақ» атты ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар арасында сайыс  өткізілді.
Сайыста қазақтың ұлттық ойындары «Арынды арқан», «Асау мәстек», «Қасқыр мен қойшы», «Кім епті?» ойындары ойнатылды.  Бас жүлде Арыс балалар үйінің «Атамұра» тобына бұйырса, І орынды «Бауыржан» отбасылық үлгідегі балалар үйінің «Тұлпар», ІІ орынды Сайрам ауданы балалар үйінің «Мұрагер», ІІІ орынды Төлеби аудандық балалар үйінің «Шаттық» командалары иеленді. Орталықтың атынан лагерь директоры мен тәрбиешілеріне алғыс хаттар тапсырылып, ал командалар түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Көне Отырар тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі

«Көне Отырар тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі» атты көрме ұйымдастырылды.
Көрменің жәдігерлер құрамынан VI-IX ғ.ғ Құйрықтөбе қорымынан табылған «Құда түсу салтанаты бейнеленген ағаш тақтаның бір бөлігі», ІV-VI ғ.ғ. Қоңыртөбе қорымынан табылған «Саптыаяқ. Саз», «Көбе (етікшінің құралы). Саз ХІ-ХІІ ғ.ғ.», сондай-ақ ХІV-ХVIІІ ғ.ғ. Отырардан табылған «Жазулы орта кесе. Саз» т.б. халқымыздың көне салт-дәстүріне қатысты жәдігерлерін көруге болады. Көрмеге І-ХVIІІ ғ.ғ. аралығын қамтитын жәдігерлер топтамалары, Отырар алқабындағы археологиялық ескерткіштердің аэрофотолары қойылды.

   Ата Заңым — ардағым

«Қасым ханның қасқа жолымен», «Есім ханның ескі жолымен», Әз-Тәукенің «Жеті Жарғысымен» Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының «Нұрлы жолымен» сабақтасқан 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Ата Заңым — ардағым» атты фотокөрме өткізілді.

Отан отбасынан басталады

ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Отан отбасынан басталады» атты тақырыпта ҚР Перзидентінің Жарлығымен бекітілген «8 қыркүйек – Отбасы күні» мерекесі аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесіп, жас отбасыларға арналған семинар-тренинг өткізді. Семинарға облыс бойынша аудан, қалалардан келген 12 отбасы қатысты. Аталған іс-шараны Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма басшысы Б.Жанәбіл ашып, әрбір баланың тәрбиелі жан-жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты отбасының ықпалы мол екендігін түсіндірді.

Құрбан айт мерекесінің тәрбиелік мәні

Құрбан айт мерекесіне орай, Қазақстан инженерлі-педагогикалық және халықтар достығы университетінің студенттеріне «Құрбан айт мерекесінің тәрбиелік мәні» атты тақырыпта лекция сабағын өткізді.

                                                   

Дәстүрдің озығы бар…

ОҚО Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығымен бірлесе ОҚО политехникалық колледжінің студенттеріне «Дәстүрдің озығы бар…» атты тақырыпта танымдық лекция сабағын өткізді. Аталмыш іс-шарада орталықтың ғылыми қызметкері Г. Құралова және әдіскері А.Орынбекова дін мен дәстүр сабақтастығының мән-мағынасын, астарын жан-жақты түсіндірді.

                                       

 Мемлекеттік тіл- менің тілім

Тіл мерекесі қарсаңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері ҚР Ұлттық Ұланның 6506 әскери бөлімінде «Мемлекеттік тіл- менің тілім» атты ақпараттық-таным сағатын өткізді. Танымдық сағат барысында орталық кызметкерлері Г.Жақанқызы, Н.Есенқұлов, Г.Құраловалар халқымыздың көне әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері жайлы роликтер көрсетті.

                                                    Атадан қалған асыл сөз

Облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана оқырмандарына Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай «Атадан қалған асыл сөз» тақырыбында танымдық лекция сабағын өткізді. Лекция барысында орталық әдіскері А.Орынбекова «Алаш қайраткерлерінің еңбектеріндегі салт-дәстүрлер мәселесі» тақырыбында баяндама оқыса, Л.Кәдірбек «Құлақ тесу, Қапқа салар, Киелі киім» тақырыптары аясында баяндама жасады. Орталықтың қызметкерлері Н.Есенқұлов пен Қ.Нұрмағанбетов кітапхана оқырмандарына арнап тәлімдік терме және халық әндерін орындады.

Қарты бар ел қазыналы

1 қазан —  Қарттар күніне орай Ардагерлер үйінде «Қарты бар ел қазыналы» атты тақырыпта екі тілде кездесу өткізді. Кездесуге Орталық қызметкерлері Л.Кәдірбек, Г,Әзімханова Қ.Нұрмағанбетовтар қатысып,  қазақ халқының дәстүрлері аясында баяндамалар оқып, түсірілімдер көрсетті. Кездесу соңында жас айтыскер ақын Ж.Мырзабеков жиналған көпшілікке халық әндерін орындады.

                                          

                                                     

Бала тәрбиесі баршаға

ОҚО Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығымен бірлесе ОҚО политехникалық колледжінің студенттеріне ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеуде «Бала тәрбиесі баршаға!» атты тақырыпта танымдық лекция сабағын өткізді.

                                                 

                                               

Дала аңыздары

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Шымкент қалалық Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО Клубымен бірлескен «Дала аңыздары» тақырыбында облыстық балалар шығармашылық сурет байқауы өткізілді.

                                               

Бірлігіміз жарасқан

ҚР Тәуелсіздігімізің 25 жылдығына орай, ОҚО Білім басқармасына қарасты Шымкент қалалық қосалқы мектеп интернатымен бірлескен «Бірлігіміз жарасқан» атты тақырыпта қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

Қасиетті жеті саны… 

ОҚО Ішкі саясат бөлімі Жастар ресурстық орталығымен бірлесе ОҚО Парасат колледжінің студенттеріне «Қасиетті жеті саны…» атты тақырыпта танымдық лекция сабағын өткізді. Аталмыш іс-шарада орталықтың  бөлім меңгерушісі М.Омар,  кіші ғылыми қызметкері  Ж.Айқыновалар жеті санының  қасиеті мен мәніне терең талдау жасап, осы қасиетті жеті санына байланысты «Жеті ата», «Жеті Жарғы», «Жеті қазына», «Жеті ғашық», «Жеті жұт», «Жеті жетім», т.б. тоқталды.

Ата салтым-асыл қазынам

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, көнерген салт-дәстүрлерді жаңғырту мақсатында қала мектептері арасында «Ата салтым-асыл қазынам» атты топтық сайыс өтті. «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Сүндет той» дәстүрінен үш мектептің оқушылары көрініс барысында бұл үш дәстүрдің   мән-мағынасына тоқталды. Сайыс қорытындысы бойынша І-орын — №90 жалпы орта мектебі, ІІ-орын — №89 жалпы орта мектебіне, ІІІ-орын №80 мектеп-лицейіне бұйырып, «Мәңгілік дәстүрдің мұрагері», «Дәстүрге берік жас толқын», «Дәстүрін білген дарынды ұрпақ» номинацияларымен марапатталды.

Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен ЭКСПО – 2017 халықаралық көрмесі қарсаңында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Көркем» әжелер тобының мүшесі, салт-дәстүрді насихаттаушы, қолөнер шебері Таңсық Кенжеқызы Бөрібекованың «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» атты қолөнер көрмесі өтті.  Жастайынан әжесінің тәлімін алған, он саусағынан өнер тамған әже өмірін өнермен де өрнекпен де көркемдеген. Бірнеше жыл математика пәнінің мұғалімі болған зейнеткер әжеміз бұл күнде халық арасында қолөнер бұйымдарының түр-түрін жасап, өзі ән шырқайтын «Көркем» әжелер тобының кимешегінен бастап, барлық ұлттық киімдерін тігеді. Қазақтың ежелден келе жатқан киіз, текемет, сырмақтарына заманауи әр беріп, бұл күнде тұрмыста қолдануға лайық етіп түрлендіре білген.

«Астана – ЭКСПО-2017»

«Астана – ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі қарсаңында саз және бейнелеу өнерінде өзіндік көркемдік қолтаңбасымен ерекшеленіп, ұлттық қолөнер тарихында қазақ ұлтын, оның салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын әлемге танытқан дарынды суретші, этнодизайнер, қолөнерші-өнертанушы Кендебай Қарабдаловтың қолөнер көрмесі мен шеберлік сағаты болып өтті. Іс-шараны көруге келген «Өрлеу» мұғалімдердің біліктілігін арттыру орталығының қызметкерлері, М.О.Әуезов ОҚМУ-нің және Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжінің студенттері белгілі сазсырнайшы, қобызшы-фарабист, қолөнерші, жеті метр жер астынан этномұражай ашқан Кендебай Қарабдаловтың шеберлік сағатын көріп, өнеріне тәнті болды.

Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні

Шымкент қалалық медицина колледжінің студенттеріне «Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні» атты тақырыпта лекция оқыды. Ұлттық ойын баланың дамып жетілуіне, адамгершілік қасиеттерінің артуына, психикасына да тигізетін әсері мол. Қазақ ойындары баланы өз халқының тарихын, жерін, даму сатысын, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін үйретіп, жинақылыққа баулиды, адал, қайырымды, өжет болуға тәрбиелейді.
Танымдық лекция барысында қазақтың ұлттық ойындарының тәрбиелік мәні туралы видеоролик пен слайдтар көрсетіліп, орталықтың ұлттық ойындарды көпшілікке насихаттау мақсатында атқарған жұмыстары таныстырылды.

Алаштың арда ұлы — Әлихан 

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының көсемі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Ә.Бөкейхановтың 150 жылдығына арналған «Алаштың арда ұлы — Әлихан» атты танымдық сағат өткізді. Іс-шарада Облыстық қуғын-сүргін құрбандары мұражайының қызметкері Сұханберді Оразалыұлы, М.Әуезов атындағы ОҚМУ тәрбие ісінің маманы Г.Орынбекова, Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті «Тілдік пәндер» кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Г.Ақылбаевалар ұлт қайраткерінің өмірі мен саяси қызметін бейнелейтін маңызды тұстарынан ой бөлісті.

Менің Елбасым!

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында « Ұлы Дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күннің ҚР Президенті институты күніне орай Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Менің Елбасым!» атты тақырыпта қала мектептері арасында шығармашылық байқау өткізілді. Шәкірт жүрегіндегі Елбасына деген сүйіспеншілік сезімі мен оны құрметтеу, көреген басшының абзал саясаты мен игі бастамасы, елбасының тынымсыз еңбегінің арқасында күллі ғаламға өзін танытқан айбынды ел екеніміз балалар шығармасында көрініс тапты. Байқауда «Өрлеу» ОҚО педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты маманы Г.Мырзатаева, М.Әуезов атындағы ОҚМУ доценті А.Қалшабеков, №62 Н.Төреқұлов атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Ж.Кекіловалар қазылық етті.

Келіппіз дүние деген кең сарайға…

«Ұлы Дала елі — Тəуелсіздіктің 25 негізі» 25 жұлдызды күннің Мемлекеттік тіл күні аясында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен айтыскер ақын, жыршы Мәделіқожа Жүсіпқожаұлының 200 жылдық мерейтойларына орай, әрі сан ғасырлық дәстүр-салтымызды дәріптеу мақсатында «Келіппіз дүние деген кең сарайға…» атты облыстық жас ақындар айтысын өткізді. Бүкіл тарихымыз бен Мәделіқожа ақынның бейнесін бейнелі бедерлей білген жастар айтыста қазылық еткен алдыңғы буын ағаларынан бата-тілектер алды.

 

Отбасылық құндылық – тәрбие өзегі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлы дала елі — Тәуелсіздіктің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күн акциясы  аясында Отбасылық құндылықтар күніне орай ұлттық салт дәстүрлерімізді дәріптеуде ОҚО ЖОО студенттеріне «Отбасылық құндылық – тәрбие өзегі» атты тақырыпта танымдық сабағын өткізді.

  Ұлы дала тағамдары – салауатты өмір салтының кепілі

Ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптеуде ОҚО ЖОО студенттеріне «Ұлы дала тағамдары – салауатты өмір салтының кепілі» атты тақырыпта танымдық лекция сабағын өткізді.Аталмыш іс-шарада орталықтың бөлім басшысы М.Омар мен ғылыми қызметкері Г.Құралова Оңтүстік Қазақстан Фармацевтикалық академиясы студенттеріне қазақ халқының сүт өнімдерінен жасалған ұлттық тағамдары және ет тағамдары жөнінде мазмұнды әңгіме жүргізді.

 Тәуелсіздікке үлесім

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «Мәдениет және руханият» күніне орай халқымыздың дәстүрін жаңғыртып, көпшілікке насихаттауда орталықпен шығармашылық бірлікте еңбек етіп, іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге, сондай-ақ «Сарқылмас қазына» тележобасының жүзеге асырылуына үлес қосқан мекемелер мен өнер ұжымдарын, жеке өнерпаздарды марапаттауға арналған «Тәуелсіздікке үлесім» атты іс-шара өткізілді.

 

 

Қазақстан: кеше, бүгін, ертеңі

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Мәңгілік Елдің мәңгілік құндылықтары» күніне орай Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебімен бірлесе «Қазақстан: кеше, бүгін, ертеңі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шарада М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дің «Тарих» кафедрасының меңгерушісі, доцент, т.ғ.к. С.Ө.Кәрібаев, «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті, т.ғ.к. С.И.Айкөзов, тарихшы, өлкетанушы Өмір Шыныбекұлы қатысып, егеменді еліміздің өткен тарихы мен еліміздің болашағын, келешекте күтілетін нәтижелер мен мақсаттарды сабақтастыра отырып талқылады.

Салтты сүю ортақ парыз

Халқымыздың рухани құндылықтары мен ғасырлар бойғы дәстүрлерін көпшілікке насихаттау бағытында Облыстық Шымкент қосалқы мектеп-интернаты оқушыларының қолөнер туындыларынан арнайы көрме жасақтап, олардың құрметіне «Салтты сүю ортақ парыз» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды. Іс-шарада «Халқыма тағзым» қорының мүшелері, ОҚО Шымкент қосалқы мектеп-интернаты оқушылары, «Достық» және «Мейір» әжелер тобы өнер көрсетіп, Айжамал Толыбаева апамыз «Шүкір ет», «Көк туым» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қатысушыларға «Жастар жалыны» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Құрмет Балқыбекұлы демеушілік жасады, орталықтың атынан алғыс айтылып, арнайы марапаттар табысталды.

Таулардың тағдыры

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында  Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР және Қырғызстан Республикасы мәдениет қайраткері, Қазақстан Ұлттық  жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, Суретшілер Одағының мүшесі, Т.Жүргенов атындағы қазақ Ұлттық өнер академиясының академигі Керімбай Ысаұлы Қыстаубаевтың Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының Достық залында «Таулардың тағдыры» атты  тақырыбында көрмесі өтті. Көрмеде суретшінің 20-дан астам туындысы қойылды. Аталмыш көрмеге ОҚО әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшелері және мәдениет қызметкерлері қатысты.