Басшылық құрамы

 

 

Бахтияр Спанов

СПАНОВ Бахтияр Әбілұлы

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы МКҚК-ның директоры

Спанов Бахтияр Абилович,  Оңтүстік Қазақстан облысы, Мақтарал (Киров) ауданында  дүниеге келген.

     Білімі: жоғары

— 1978-1982 ж.ж. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогика мәдениет   институты;

— 2008 жылы Мақтарал мемлекетік гуманитарлық-экономикалық және агробизнес колледжі.

    Еңбек өтілі: жалпы еңбек өтілі 46 жыл, оның ішінде руханиятта, мәдениеттегі еңбек өтілі 35 жыл.

   Атқарған қызметі:

  • Еңбек жолын 1977 жылы Шардара аудандық астық қабылдау мекемесінің механизаторы;
  • 1982-1983 жылдары Көкшетау автоколоннасы мәдениет үйінің директоры;
  • 1984-1985 жылдары Көкшетау облыстық кәсіптік техникалық басқармасында көркемдік жетекші;
  • 1985-1992 жылдары Шардара аудандық мәдениет үйінің методисі, «Октябрь» кинотеатрының инженері және аға инженері;
  • 1992-1996 жылдары Шардара қалалық демалыс саябағының директоры;
  • 2003-2005 жылдары Шардара аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы, бас маманы;
  • 2005-2010 жылдары Шардара аудандық көші-қон саласының басшысы;
  • 2011-2013 жылдары жеке кәсіпкер;
  • 2014-2022 жж. Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының  директоры;
  • 2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін — Шымкент қаласының Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының директоры.

        Наградалары, атағы:

  • «ҚР Мәдениет қайраткері» атағы
  • «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі
  • «Құрмет белгісі» медалінің иегері (Республикалық кәсіподақ комитеті);
  • «ҚР Журналистер одағының мүшесі»
  • «Қазақстан театр қайраткерлері Одағының мүшесі»

                                                      

АЛТЫБАЕВА Райхан Сапарқызы

Директор орынбасары

Алтыбаева Райхан Сапарқызы — 1979 жылы 10 қазанда Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы,  Қыраш ауылында дүниеге келген.

2004 жылы Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік Университетінің  «Мұражайлық іс, мәдени және тарихи ескерткіштерді қорғау» мамандығы бойынша білім алған.

2013-2014 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайының «Ерлік» мұражайында кассир.

2014-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси-қуғын-сүргін мұражайында ғылыми қызметкер.

2016-2021 жж. «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚМ-да  ғылыми қызметкер

2022 жылдан бастап «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚМ директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

НҰРМАҒАНБЕТОВ Мұратбай Қуантқанұлы

Директор орынбасары

Нұрмағанбетов Мұратбай Қуантқанұлы — 1963 жылы 25 тамызда Қызылорда облысының Арал қаласында дүниеге келген.

1993 жылы Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетінде білім алған.

Мемлекеттік наградалары «Ішкі істер органындағы үздік қызметі үшін» медалінің иегері

1981-1982 жж. Қызылорда облысының Қазалы станциясында теміржолшы

1982-1984 жж. Кеңестік Армия қатарында

1984-1987 жж. Ақтөбе қаласы әскери күзет орталығында атқыш

1987-1988 жж. Арал қаласында клуб меңгерушісі

1993-2010 жж. Ішкі істер департаментінде заңгер

2010-2019 жж. Оңтүстік Қазақстан облыстық халық шығармашылығы орталығы директордың орынбасары

2019-2020 жж. «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы директорының орынбасары

2020-2022 жж. «Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театры» МКҚК директорының орынбасары

09.11.2022 жылдан бастап «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚМ директорының орынбасары қызметін атқарып келеді.

СӘУІРБАЕВА Гүлнар Пірәліқызы

Бас есепші

1992 жылы 29 маусымда Шымкент қаласы, Абай ауданында дүниеге келген.

1999-2009 жылдары Кеңесары Қасымұлы атындағы №85 жалпы орта мектебінде білім алған.

2009-2011 жылдары М.Өтебаев атындағы Құқық және салалық колледжінде «Экономика, бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім  алған.

2011-2013 жылдары Шымкент университетінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығын тәмамдаған.

2011-2020 жылдары Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрында бухгалтер қызметін атқарған.

2022 жылдың 1 сәуірінен бастап Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында бас бухгалтер қызметін атқарып келеді.

ҚАЛМҰРЗАЕВ Дүйсенбек Досанбекұлы

Қорларды ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Қалмұрзаев Дүйсенбек Досанбекұлы — Түркістан облысы, Отырар ауданы,  Көксарай елді мекенінде 1983 жылы 5 ақпанда дүниеге келген.  2000-2005 ж.ж. -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2007-2013 ж.ж.-Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды.2015 ж. «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚМ-да әдіскер, ғылыми қызметкер жұмысын  атқарған. 2016 жылдан осы уақытқа дейін  Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Қорларды ғылыми-зерттеушілікті қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі.

ОМАР Мырзабай Еркiнбайұлы

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Ұстаз, этнограф –ғалым, журналист

Мырзабай ОМАР Созақ ауданының Сарыжаз аулында дүниеге келген. 1977 ж. Панфилов орта мектебін, 1981  ж. Қызылорда педагогика Университеті филология факультетін бітірген. 91 жылға дейін  мектепте ұстаз, 91-2008 жж. М.Әуезов ат. Мемлекеттік Университетте  аға оқытушы  қызметін атқарды.

2015 жылдан  Шымкент қаласы Мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы, Әдет-ғұрып, салт-дәстүр орталығы, Ғылыми-әдістемелік бөлім басшысы  қызметінде.

«Ұлттық білім, ғылым мен мәдениетті сақтауды ұстаным етіп, теория- практикалық бағытта: «М.Әуезов және өнер»«Әдебиет және кино», «Жылқыға қатысты халықтық  мұралар поэтикасы, «Аңызға айналған арғымақтар», «Қымыздың емдік қасиеті», «Түйе һәм шұбат», «Айналайын, айран‑сүт!»,  «Ұлтттық дүниетаным: білім беру үдерісінде және «Ұлттық жаңғыру негіздері» сынды іргелі еңбектердің,                 «Bil bala», «Dastur quest» атты жаңашыл танымдық жобалар авторы.

200-ге жуық зерттеу мақалалары отандық, халықаралық басылымдарда, (Ресей, Түркиә, Қырғыз елі) ғылыми-теориялық конференция, симпозиум жинақтарында жарық көрген.

Киелі жерлер, тарихи тұлғалар туралы көптеген жобаларға ұйтқы болды.

М.Омар редакторлығымен «Ұлы дала өсиеті», «Дәстүрім–асыл қазынам» (энциклопедия- анықтама), «Қазақтың ұлттық киімдері» атты 3 тілде өңір шеберлерінің  сәнді киім үлгіслері альбомы, сондай -ақ, туып-өскен, білім алған, еңбек жолын бастаған жылдарына арқау етіп, «Қаратауда ауылым» атты эссе кітабын жазды.

«Оңтүстік» телеарнасымен бірлескен «Сарқылмас қазына» тележобасының 50-ге жуық ұмытылған салт, жөн-жоралғы, ғұрыптардың бүгінгі заманға лайық түсірілімдерінде жетекші рольдер сомдады. Республика көлемінде ұлттық ойындардың әлеуметтік маңызын  насихаттайтын мақалалар циклі ағымдық және электронды медияда жиі жарияланып тұрады.

Гуманитария магистрі, «Үздік мұғалім», «ҚР Мәдениет саласының үздігі» төсбелгілерінің,

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы медалінің және «Қазақ тілін креативті оқытудың үздік тәсілдері» республикалық конкурстың 2- орын иегері.

Республикаға танымал тәжірибелі маман, ақылшы ұстаз ретінде жас мамандарға қолдау көрсетіп, жаңашыл ойларымен бөлісіп жүреді. Қарапайым әрі ізденімпаз ғалым, креатив әрі бастамашыл үйлестіруші, үнемі үйренуден жалықпайтын бәсекеге қабілетті маман.

Гүлшат Жаханқызы

бөлім басшысы

Гүлшат Жақанқызы – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бөген ауылында 1982 жылы

1 сәуірде дүниеге келген. Білімі-жоғары. Мамандығы – «Режиссура»

2000-2005 ж.ж. — М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітірген.

2003-2004 ж.ж.- Бөген аудандық мәдениет бөліміне қарасты Нұра ауылдық мәдениет үйінде сүйемелдеуші.

2006-2010 ж.ж.- Бөген орта мектебінде драма үйірмесінің жетекшісі.

2010-2013 ж.ж.- Бәйдібек аудандық мәдениет бөліміне қарасты Нұра ауылдық мәдениет үйінде сүйемелдеуші.

2016-2020 жылдың желтоқсан айына дейін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ғылыми-ағартушылықты қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы МКҚК-ның директордың орынбасары қызметін атқаруда.

 

 

Есенқұлов Нұрлан Келдібекұлы

бөлім басшысы

Есенқұлов Нұрлан Келдібекұлы 1986 жылы 11 маусымда ОҚО, Арыс ауданы, Задария совхозында дүниеге келген. 1993 жылы Ордабасы ауданы, Қараспан елді мекеніндегі Б.Оңтаев атындағы орта мектебінде білім алған.

2004-2008 жылдар аралығында Шымкент Әлеуметтік Педагогикалық Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірген. Шымкент әлеуметтік педагогикалық университетінде мәдени тынығу жұмысын ұйымдастырушы болып қызмет атқарған. Халықаралық, республикалық, облыстық ақындар айтысының бірнеше дүркін жеңімпазы.

2010 жылы облыстық «Жыл ақыны» номинациясының иегері.

Сарышолақ Боранбайұлының 150 жылдығына орай Ақтөбе қаласында өткізілген республикалық ақындар айтысының І орын жүлдегері.

Қызылордада «Нұр отан» партиясының ұйымдастыруымен өткен республикалық ақындар айтысының ІІІ орын жүлдегері.

2013 жылы Абылай ханның 300 жылдығы мен Төле бидің 350 жылдық мерейтойына арналып Шымкент қаласында өткізілген республикалық ақындар айтысының ІІ орын жүлдегері.

2023 жылы Шымкент қаласында өткен Бибіжамал Әбілазимованың рухына арналған «Жаны Жомарт — Жамал ана» атты Халықаралық ақындар айтысында «Бас жүлдені» жеңіп алды.

Сазгерлік қырынан да танылып жатқан ақынның «Жар іздеп жүрмін», «Шырқа-шырқа», «Тәңірден тілек», «Қайда жүр екен», «Анама» атты әндерін әншілер қауымы орындап жүр.

Мамекова Дана Алиханқызы

Кадр ісі жөніндегі маман

Мамекова Дана Алиханқызы — 1978 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында туылған. Білімі жоғары, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Тарих және география» пәндерінің мұғалімі,  «Мәдениеттану» магистрі. Қазіргі таңда Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының «Ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз ету» бөлімінің ғылыми қызметкері.