Тарихы

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының тарихы

Еліміз егемендігінің 30 жылға жуық аралығында экономикамыз бен мәдениет, руханият саласында едәуір өрлеу кезеңінен өттік. Соның бір нәтижесіосы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстікке жасаған іс-сапары кезінде ашылуы. Бұл —  еліміздің өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей орталық.  Мұнда  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, Оңтүстікті мекендеген өзге ұлыс өкілдерінің де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жүйелі түрде зерделеніп, ортақ игілікке пайдалану жағы  қарастырылды. Мұндағы негізгі ұстаным – Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыздың «Мәңгілік Ел»  идеясын жүзеге асыру.

 

2015 жылғы 22 мамырдағы №103-НҚ бұйрығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігінің қаулысы бойынша  «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» коммуналдық мемлекеттік  мекемесі қайта құру жолымен Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет  басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» 22.06.2016 жылы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны болып қайта құрылды. 2018 жылы Шымкент қаласы еліміздің 3 мегаполисі статусына ие болуына орай, Шымкент қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына өтті.

 

Орталық туралы жалпы мәлімет

Аз ғана уақыт аралығында бой көтерген екі қабаттан тұратын орталықта «Достық», «Салт-дәстүр» және Мәжіліс залдары орналасқан. Бүгінде бұл орталық көпшілікке қызмет етіп келеді.

Орталықтың жалпы ауданы – 940,0 шаршы метр, «Достық» залы 192,79 шаршы метр, «Ұлттық салт-дәстүр» залы 158,65 шаршы метр, Мәжіліс залы  207,65 шаршы метрді құрайды.

Орталық қызметкерлерінің жалпы саны — 37. Шығармашылық қызметкерлер — 20, әкімшілік ұйымдастырушылық қызметкерлері — 4, техникалық қызметкерлер -12 адамнан тұрады.

 

 

 Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы 2014 жылдың желтоқсан айында Республикамыз бойынша тұңғыш рет шырайлы Шымқаламыздан Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  Оңтүстікке арнайы жасаған іс-сапары кезінде ашылды. Бұл еліміздің өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей орталық. Облыс әкімі Асқар Исабекұлының тікелей бастамасымен ұйымдастырылған орталықтың көрсетер үлгі-өнегесі мол. Мұнда ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және  әдістемелік жұмыстар жүйелі жүргізіледі. Баспа өнімдері шығарылып, ғасырдан-ғасырға жеткен рухани байлығымыз, мәдени мұраларымыз кеңінен насихатталады. Сондай-ақ Оңтүстікті мекендеген өзге этнос өкілдерінің де салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары жүйелі түрде талданып, зерделеніп ортақ игілікке пайдалану жағы да қарастырылады. Негізгі ұстаным – Елбасымыздың елдің біріктіруші күші — «Мәңгілік Ел идеясын» жүзеге асыру.

   Орталық ғимаратында Достық залы, Ұлттық салт-дәстүр залы, сондай-ақ арнайы Мәжіліс залы бар.

    Орталық шаңырақ көтергелі біршама уақытта атқарылған шараларды қорытындылай келсек, бүгінге дейін  мазмұны терең түрлі рухани-мәдени тақырыпты қамтыған 48 іс-шара өткізіліп, оған 5723 келуші қамтылды.

    Атап айтсақ, 20 ақпанда қазақ ұлты мен өзбек, кәріс, славян этномәдени орталықтарының әдет-ғұрыптары негізінде «Күйеу келтір қыз ұзат» танымдық кешіне оңтүстікке арнайы іс-сапармен келген мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалыққызы қатысып жоғары бағалады.

    2 (2)       3+

     Қай халықтың дамуында болмасын, ата дәстүрдің жас ұрпақ алдындағы алатын орны зор.  Осы мақсатта облыстық халық шығармашылығы орталығымен бірлескен «Ата дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді. Белгілі ғалым, ф.ғ.докторы профессор М.Мырзахметовтен бастап, өңірдегі М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің ғалымдары, Қ.А.Иасауи атындағы ХҚТУ-нің этнография, этнология саласының жетекші мамандары, ОҚМПИ-нің проректоры тарихшы ғалым Б.Исабек, облыстық әмбебап ғылыми көпшілік кітапханасы қызметкерлері, мұражай мамандары бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесіндегі ата-дәстүрдің алатын орнын, алдағы атқарылар шаралар туралы өзекті мәселелерді талқыға салды.

   28 шілде ОҚО әкімінің орынбасары Е.Садыр мен облыстық маслихат депутаты Ә.Досболов бастаған халық қалаулылары орталыққа арнайы келіп, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

    _MG_0189      _MG_0193      _MG_0202

   Сондай-ақ, көне дәстүрлерді қайта жаңғырту мақсатында «Қазақстан-Шымкент» телеарнасымен бірлесіп «Сарқылмас қазына» сондай-ақ, Қазақстан Ассамблеясының 20 жылдығына байланысты өзге этномәдени орталықтармен бірлескен  «Отаным – бақыт ордасы» телевизиялық жобасы түсірілуде.

   Биылғы жыл – тарихи даталарға толы жыл. Соның бірі – Қазақ хандығының 550 жылдығы.  2015 жылдың 2 шілдесінде Елордамыздағы Көрме орталығында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» және Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы барысына арналған жалпы ұлттық телекөпір өткен болатын. Сол жерде Елбасы Қазақстанның бейресми символикалық атауын бүкіл әлем бойынша ілгерлету туралы ойын білдірген еді. Соны басшылыққа алған «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Асқар Исабекұлы Мырзахметов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болған тұсында ұлы мұрамызды қайта жаңғырту мақсатында өңіріміздегі танымал ғалым, әдебиетші, тарихшылардан шығармашылық топ құрып, жинақтың жарық көруіне мұрындық болды. Айтулы оқиғаға орай ОҚО мәдениет басқармасының басшылығымен Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ұлы дала өсиеті» деп аталатын 700 беттен тұратын даналық сөздер антологиясы құрастырылып, «Қазығұрт» баспасынан 3000 данамен жарыққа шықты. Мұнда көне түркі дәуір данышпандарынан бастап қазақтың айтулы би-шешендерінің ой түбінен шыққан қанатты нақыл сөздері, ақын-жыраулардың толғауларынан ой маржандары Алаш арыстарының, қаламгер-жазушылардың құмнан алтын сүзгендей афоризімдері іріктеп алынды.

   Үстіміздегі жылдың қазан айында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған мерекелік шараға қатысқан «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары А.Мырзахметов, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Б.Атамқұлов бастаған халық зиялылары іс-шараның барысында орталықтың жұмысымен танысты.

     2      1 (4)

   Қараша айының 6 жұлдызында ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасы, Дүниежүзі қазақтар қауымдастығы Оңтүстік аймақтық филиалы мен «Киелі Қазығұрт» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Қазақ тарихындағы Ордабасы тауының алатын орны» тақырыбында ғылыми конференция өтіп, жиын барысында ф.ғ.д. М.Мырзахметовке, «Концерн TNS group» бірлестігінің президенті Атырау қаласының құрметті азаматы Т.Танаұлына «Қазығұрт – Алтын қазық» белгілері табысталды.

 _MG_6083  15  13

      Міне, біздің орталықтың атқарар орасан зор жұмыстарын осылайша қысқаша өрбітуге болады. Осындай асыл мұраларымызды, ұлттық құндылықтарымызды жинақтап, бүгінгі өскелең ұрпақ бойына сіңіруде «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» атқарар қызметі мол болмақ.