Құрылымы

Орталықтың негізгі жұмысы әзірге Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі,   Қорларды, ғылыми-зерттеушілікті қамтамасыз ету бөлімі және Ғылыми-ағартушылықты қамтамасыз ету бөлімдерінен тұрады

  1) Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімі
Көне тарихты ақтарып, ұлттық дәстүрдің түп-тамырынан бүгінгі күнге дейінгісін саралап, зерделеу; арнайы ғылыми-зерттеу институттарымен, еліміздегі жетекші ғалымдармен бірлікте жұмыс істеу; жүйеленген ортақ салт-дәстүрлерді жалпы халықтың қолданысына айналдыру; тұрмыстағы қолданыстағы салт-дәстүр әдет-ғұрыптарды заманауи жетілдіру жағына назар аудару. Әрбір дәстүрге, ғұрып-салттың ерекшелігіне арнап шағын кітапшалар шығару, бұқаралық ақпарат құралдары — газет-журнал, радио-теледидарлармен тығыз байланыста жұмыс істеуді қамтамасыз ету.

   2) Қорларды, ғылыми-зерттеушілікті қамтамасыз ету бөлімі
Жинақталған құжаттарды, материалдарды тіркеп, тақырыптарға бөліп, құндылығын анықтап, қажеттілігіне қарай ұсыныстар енгізу, жеке-жеке салт-дәстүрлерге каталог ашып, пайдалану жағын реттестіру; өзге ұлт өкілдерінің салт-дәстүрлеріне қатысты құжат, материалдар, тарихи негіздемелер жасау жүктеледі.

   3) Ғылыми-ағартушылықты қамтамасыз ету бөлімі
Салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың бүгінгі өмірдегі қолданыс аясын ғылыми негіздеп, оларды күнделікті қолданысқа енгізу,  өткізу жолдарын қарастыру. Бүгінгі қалыптасып келе жатқан жаңа дәстүрлерді саралап, зерделеу; оларды өзара астастырып, бұқаралық сипат алуына ықпал ету осы бөлімге жүктеледі. Балабақша, мектеп, жоғарғы оқу орындарымен байланысып жүйеленген дәстүрді жастардың санасына сіңіру жолдарын жүзеге асыру.