«Дәстүp және ғұрыптық ән»

2019жылдың 28 тамыз күніорталықта көне заманнан келе жатқан асыл мұраларымызды, ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ән қазынасын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дәстүp және ғұрыптық ән» танымдық шарасы өтті. Шараға ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, ОҚО құрметті азаматы, жазушы, журналист Мархабат Байғұт, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, №1 балалар саз мектебі директорының орынбасары, ұстаз-домбырашы Қалмахан Омар, ҚР мәдениет қайраткері, ҚР білім беру ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, профессор С.Жақсыбеков қатысты.

«Абай даналығы — халық мұрасы»

2019жылдың 8 тамыз күні Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында данышпан ақын, ғұлама ойшыл хакім Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай Әдет-ғұрып және салт – дәстүр орталығында «Абай даналығы — халық мұрасы» атты іс-шара өтті. «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс»,- деп тұңғыш Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев атап өткеніндей «Абайдың 175 жылдығын» мерекелеу Президент Жарлығымен атап өтілуінің өзінде үлкен мән бар.

«Ұлттық ойын — ұрпақты шыңдайды»

2019 жылдың 4 шілде күні  орталық қызметкерлері Түлкібас ауданы Машат шатқалында орналасқан жазғы сауықтыру лагерінде халқымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойын түрлерін насихаттау мақсатында «Ұлттық ойын — ұрпақты шыңдайды» тақырыбында балалар арасында сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында балалар «арқан тартыс», «бұқа тартыс», «асық ату», «асау мәстек», т.б. ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті. Сайысқа түскен жас жеткіншектердің қызығушылығы мен белсенділіктерінде шек болмады. Себебі, ұмыт бола бастаған ойын түрлері өте қызық, әрі тәрбиелік маңызы зор. Сайыс соңында жеңімпаздарға орталығымыз тарапынан алғыс хаттар мен сыйлықтар табыс етілді.

«Дәстүрім-асыл қазынам» атты энциклопедиялық жинақ, «Ұлттық киімдер» альбомының тұсаукесер рәсімі

 

2019жылдың 10 маусым күні   Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында дайындалған Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында баспадан жарық көрген «Дәстүрім-асыл қазынам» атты энциклопедиялық жинақтың және «Ұлттық киімдер» альбомының тұсаукесер рәсімі болды. Ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлеріміз, жөн-жоралғымыз, ұлттық ойындар мен рухани мұраларымызды насихаттап, қайта жаңғырту, оны халыққа ұсыну жинақтың басты міндеті. Үш үлкен тараудан тұратын энциклопедиялық жинақта ғұрыптар жүйеленіп, тараулармен бөлімдерге бөлініп қамтылды. Ал қазақтың ұлттық киімдері жинақталған альбомда кәсіпкерлердің, дизайнерлердің, сән үйлерінің, ЖОО, колледждердің бүгінгі заман талабына сай, күнделікті тұрмыста киюге ыңғайлы ұлттық нақыштағы заманауи ұлттық киім үлгілері ұсынылған.

«Теңге ілу», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Қыз қуу»

2019жылдың 30 мамыр күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық ат спорт ойындарын және ат ерттеу мәдениетін дәріптеу мақсатында А.Асқаров атындағы орталық ипподромда этнотанымдық «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Қыз қуу» шарасы өтті. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі. Күш пен төзімділікке, ақыл мен шапшаңдыққа, атқа отырып шабу мен мергендікке бағытталған ойын түрлері дені сау, өресі биік ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналатыны сөзсіз. Бүгінгі өткізілген шарада аттың дұрыс ерттелу тәртібін ипподром қызметкерлері көрсетсе, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қыз қуу сияқты ақыл мен шапшаңдыққа, күш пен төзімділікке бағытталған ойын түрлері ойналды.

«Қолөнер-сырлы өнер»

2019жылдың 21 мамыр күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйытқы болуымен «Қолөнер-сырлы өнер» атты көрмеге 15-тен астам шебер жиналып, өздерінің төл туындыларын көпшілік назарына ұсынып, қазақтың ұлттық нақыштарын дәріптейтін түрлі бұйымдарды қала тұрғындарына ұсынды. Көрмеге жергілікті жас қолөнер шеберлері мен зергерлер,  сонымен қатар темірден түйін түйіп, сазды сәнді бұйымға айналдырған хас шеберлер бас қосты. Осы орайда ұлттық қолөнерді бүгінгі күнде заманауи үлгіде жалғастырып жүрген осы өңірдің танымал шеберлері, халықаралық дәрежедегі шеберлер Бейісбековтер отбасы, Мұхтархан Атахан, ағайынды Ізбасар мен Дінмұхаммед Мәдәлі, Аманқұл Н.,Б.Симова, Ә. Желдібаевтар өз өнімдерін ұсынып, өз кезегінде көрермендерге мастер-класс көрсетіп, жастарға өз өнерлерін үйретуден жалықпайтынын жеткізді. Көрмеде көпшілік назарына 200- дей шеберлердің туындылары мен 100 шақты зергерлік бұйым ұсынылды.

«Ұлы даланың жеті қыры» және этнография мәселелері»

2019жылдың 22 сәуір күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында танымал этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабайдың қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры» және этнография мәселелері» атты шығармашылық кездесу өткізді. Шараға филология ғылымдарының докторы, профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Ғабит Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың иегері, мәдениет қайраткері, журналист, жазушы, Шымкент қалалық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Күлия Айдарбекова, саятшы Мұхтар Атахан сынды танымал қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ЖОО студенттері мен мәдениет қызметкерлері жиналды.

«Келін тәрбиесі-киелі тәрбие»

2019жылдың 15 сәуір күні отбасының берекесін арттыру, қоғамдағы отбасылық келеңсіздіктерді болдырмау, келін мен ене арақатынасын жақсарту мақсатында «Келін тәрбиесі-киелі тәрбие» тақырыбында «Шымкент Жоғары медицина колледж» студенттеріне лекция оқылды. Шараның негізгі мақсаты халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін, жөн-жоралғысы сақталған ұлттық құндылықтарды қыз баланың бойында қалыптастыру.

«Ұлы дала сарыны»

2019жылдың 9 сәуір күні Ұлттық қасиетіміз бен құндылықтарымызды ұлықтайтын батырлық эпостарды, дәстүрлі әндер, тәлімді термелерін насихаттауда «Ұлы дала сарыны» атты батырлық жырлар оқуын өткізді. Орталық қызметкерлері «Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Қамбар», «Ер Қосай» т.б. жырлардың рухты жолдарынан үзінді оқып, көрермендер ілтипатына ие болса, жыршы – термешілер Ғабит Шырынбеков пен Нұрлан Бахтияров кешті тәлімді термелерімен, ән-жырмен өрнектеді.Іс-шара қорытындысында орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Абданбекұлы Тағаев ата-бабаларымыздан мирас болып жеткен елдік пен ерлік рухты, қайсарлық қасиеттерді сезіндіруде осындай жыр кештерінің маңызды екенін ерекше атап өтті.

«Наурыз керуен»

2019 жылдың 18 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының бастамасымен Шымкент қаласының мемлекетттік мекемелері арасында мерекелік «Наурыз керуен» шеруі өтті.  Табиғат рухының, көктем мейрамы мен қазақ халқының сән-салтанатын бейнелейтін бірнеше арғымаққа күйме жегіліп, керуен жасақталған. Салтанатты шеруге түрлі этнос өкілдері, мәдениет қызметкерлері, қала жастары, қала тұрғындарын қосқанда — барлығы 700 жуық адам қатысты.

1 4 5 6 7 8 9