«ӘДЕТ-ҒҰРЫП ЖӘНЕ САЛТ-ДӘСТҮР ОРТАЛЫҒЫ»

 

 

Еліміздегі тұңғыш бірегей Әдет-ғұрып және  салт-дәстүр орталығы 2014 жылы желтоқсанда есігін айқара ашты.
 Жүздеген жылдар бойы ұлт құндылығына сусаған жұртқа салт-дәстүр, әдет-ғұрып, жол-жоралғы, ырым-тыйым, өзге де рухани мұраларды жаңғыртуға серпін берді.
 Мұнда салт-дәстүр әдет-ғұрыптарымызға байланысты  жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүйелі түрде жүргізіледі. Ғасырдан-ғасырға жеткен рухани байлығымыз, мәдени мұрамыз кеңінен насихатталады. Негізгі ұстаным – Елбасымыздың «Мәңгілік ел» идеясын жүзеге асыру.
Орталықта ғылыми-әдістемелік, ғылыми–тәжірибелік конференция, семинар-тренинг, әдеби–танымдық кештер, дөңгелек үстел, түсірілімдер, өзге де түрлі  форматта, мазмұнды жиындар өткізіледі.

Қыз жасауы туралы не білеміз?

Халқымыз қыздың жасауына аса зор көңіл бөліп, «жасауды алты жастан жинасаң асады, жеті жастан жинасаң жетеді!» деген. Көбіне жігіт жағынан берілетін қалыңмалға шамалас келетін жасау кейде оның мөлшерінен де асып түсіп жатуы мүмкін.

Қызға жасау беру ата — ана мойнындағы борыш. Сол себепті де «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз болмайды» деге нқазақ қыз баласын жасаусыз ұзатпаған. Тұрмыс — салттың өзгеріп дамуына орай жасаудың да мөлшері мен мазмұны үнемі өзгеріске ұшырап отырғаны анық.

Қазіргі кездегі қыз жасауы дүние — мүлік пен бірге тұрмыстық — техника түрлері және үй жабдығын ақажетті құралдармен толық беріледі. Қыз жасауы нәроблы сөзінше жасайды.

Бүгінде қыз жасауы да қазақтың тойы секілді бәсекелестікке айналуда. Қандай жағдай болса да қос ғашықтың отбасы болып, аяқтан тұрып кетуінің бәрінен маңызды екенін есте ұстаған жөн.

Сіздің аймақта қыз жасауын берудің айырмашылығы қандай?

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тұлғалық сипатын танытатын «Жыр арқауы — Елбасы» тақырыбында онлайн айтыс өткізілді. Ақындар Елбасының өмірін, еліміздің өсіп-өркендеуі жолында жасаған ұшан теңіз еңбегін тілге тиек етті.

Дәстүрлі әндер – өткен күннің өшпес мұрасына айналған асыл қазынамыз

«Дәстүрл іәндер» айдарының қонақтары «Бабалар аманаты» жобасының авторы, ұстаз, домбырашы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Қалмақан Омар, Шымкент қалалық мәдениет үйінің дәстүрлі әншісі Изенова Мөлдір.

СІЗДІҢ ШАҢЫРАҒЫҢЫЗДА «БОСАҒА МАЙЛАУ» САЛТЫ ОРЫНДАЛА МА?

Отау тігіп, шаңырақ көтерген екі жасқа жасалар жоралғы да, айтылар тілек те көп. Осындай салттың бірі — босаға майлау. Бұл дәстүрді көреген әжелер мен ақ жаулықты аналар жасайды. Екі жастың үйіне уысын толтыра шашуын шашып, ақ ниеттерін білдіріп келеді. Сосын есіктің босағасына ізгі ниетпен май жағады.

Бұл жас отаудың босағасы майлы болсын, қазаны оттан түспесін, берекелі, майдай жұғымды, көптің үйі болсын деген ұғымды білдіреді. Босаға майлаған адамға кәде беріледі. Көктемде бірінші шайқаған майды отбасындағылар ауыз тимей тұрып, есік жақтауын, табалдырықты, киіз үйдің ас-су сақталатын жақ босағасындағы киізді майлау ырымы да бар.

Құрметті оқырман Сіздің шаңырағыңызда «босаға майлау» салты орындала ма?

 

«ҮЛПЕРШЕК» ТАҒАМЫН БІРГЕ ЖАСАЙЫҚ!

Құрметті оқырман, Сіздерге «Ońtústik» телеарнасымен бірлесе түсірілген «Дәстүр мен дастархан» бағдарламасын ұсынамыз. Салт-дәстүрге бай, қайбір істі болмасын жөн-жосығымен жасайтын қазақ халқы ішер асқа да мән беріп, оның жасалу жолын, ол тағамның кімге тартылатынына, қандай мақсатта беру керектігіне де ерекше көңіл бөлген. Құдаға бас, күйеу балаға төс тартатынын кез келген қазақтың білері анық. Өйткені, мұның барлығы қазіргі уақытқа дейін жалғасын тауып келе жатқан дүние.

Ал қазақтың ұмыт болған ұлттық тағамдары қаншама?! Солардың арасында жылқының жүрегінен дайындалатын үлпершек тағамын көпшіліктің білмесі анық. Ендеше «Үлпершек» тағамын бірге жасайық.

Халық арасында үлпершек тағамына байланысты аңыз да бар. Үлпершекті ұзатылып кеткен қызына ата-анасы сыйлық ретінде дайындап берген. «Қыз жат жұрттық», «Қыз қонақ» дегенмен, төркінінен келген үлпершекті жеген қыз ата-анасының жүрегінде мәңгілік екендігін сезінеді екен.

Астау

 

Астау — халқымыздың байырғы уақыттан бастап қолданып келе жатқан ас тұтынатын бұйымы. Астауға тек қана ет салып қана қоймай басқа да майлы дәмді астарды тартуға болады.

Астаудың шүңғылдау жасалғандарына қымыз, айран, сүт, құйса, жайпақ түрлеріне бауырсақ, құрт құрғақ тағамдар салуға арналып жасалатын болған. Күнделікті тұрмыста қолданылатын астауларды мәнерлеп өрнектеу сирек кездеседі, тек қыздың жасауына қосатын не құрметті қонаққа арналатындары өрнектеліп, күміспен нақышталады. Қазақ халқының ағаш ыдыстарының бірден-бір айырмашылық белгісі, оның көлемді келетіндігі. Мысалы, бір қойдың еті түгел сиятын керсен сияқты ағаш ыдыстар, астаулар қазақ арасында жиі кездеседі. Мұндай астаулармен белгілі, елге сыйлы кісілердің жылдық асы берілген кезде киіз үйлерге епті жігіттер астау толы етті атпен жүріп таситын болған.

Жігіттің жеті қазынасы

 

Қазақ халқы Жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып отырған және өмір қажетіне негі етіптаратқан. Ер жігіттің басындағы осы жетеуі түгел болса, таршылық көрмейді деп септеген.

Зейнеп Ахметованың «Бабалар  аманаты» деген кітабында  Жеті қазынаға халқымыз ерекше мән бергендігі туралы,  Бауыржан Момышұлы  жүйелеп айтып, түсіндірген. Мұны «Ер жігіттің жеті қазынасы»-деп анықтап айту керек делінген.

Бұл ер азаматтың жеке басына, тұрмыс-тіршілігіне қажетті бағалы дүниеге байланысты айтылған.

Жүйрік  ат- жігіттің қанаты. «Ат-ер қанаты» — дегендей, атсыз жігіттің күні қараң болған.

Қыран бүркіт – жігіттің алғырлығы, бүріп түсер күш – қуаты.

Құмай тазы – сенімі, досқа адал беріктігі.

Берен мылтық – оты, қаһары.

Қақпаны– серті.

Алмас кездігі – сұсы, айбыны.

Ау, ауы – әдіс – айласы.

1 2 3 4