«Теңге ілу», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Қыз қуу»

2019жылдың 30 мамыр күні Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы ұлттық ат спорт ойындарын және ат ерттеу мәдениетін дәріптеу мақсатында А.Асқаров атындағы орталық ипподромда этнотанымдық «Теңге ілу», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Қыз қуу» шарасы өтті. Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру – қазіргі міндеттердің бірі. Күш пен төзімділікке, ақыл мен шапшаңдыққа, атқа отырып шабу мен мергендікке бағытталған ойын түрлері дені сау, өресі биік ұрпақ тәрбиелеуде сенімді құралға айналатыны сөзсіз. Бүгінгі өткізілген шарада аттың дұрыс ерттелу тәртібін ипподром қызметкерлері көрсетсе, аударыспақ, жамбы ату, теңге ілу, қыз қуу сияқты ақыл мен шапшаңдыққа, күш пен төзімділікке бағытталған ойын түрлері ойналды.