«Тойдан түйер ой» атты ток – шоу

2020 жылдың 18 ақпан күні «Қайырымды қала мәдениеті» жобасы аясында ұлтымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге арналған бүгінгі той мәдениеті төңірегінде ой қозғайтын «Тойдан түйер ой» атты ток – шоу өтті. Шақырылған қонақтар Сайрам ауданының «Құрметті Азаматы» зейнеткер ұстаз, ақын-сазгер Дайрабай Дәулетов,әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы,ақын- сазгер Әбдіхалық Әбдірайымұлы,ҚР мәдениет қайраткері Абылайхан Оспанов және Әзіл-сықақ және сатира театрының актеры Ғалымжан Қалыбаев,ҚР Жазушылар Одағының мүшесі,блогер Әсет Әссанди, «Асабалар алаңы» байқауының жеңімпазы Кенжехан Дүйсенбі — қазіргі тойлардағы орын алған келеңсіздіктер, тойда бей берекет шашылу мен ысырап мәселесін шектеуге әрбір азамат атсалысу керектігі туралы жалпы пікірлерін ортаға салды. Шымкент қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің меңгерушісі Оралбаева Зәуре Абдухамитқызы — тойды батамен бастау, тойға кешігіп келу, жалпы той мәдениетін қалыптастыруды өз дәрежесінде дамыту керектігін атап өтті. Орталық директорының орынбасары айтыскер — ақын Ақмарал Пернебекқызы Леубаева Түркістан облысының әкімі Ө.Е.Шөкеевтің бастамасымен «Қамқорлық» жобасы аясында тұрмысы төмен, аз қамтылған отбасыларға өнер адамдарының көмегімен отбасындағы қандай да бір қуанышы — тойларын атқаруға жәрдемдесу, атсалысу қажеттігі туралы өз ұсынысын білдірді.