«Құрсақ шашу»

Қазақ халқының тек өзіне тән, ешбір қайталанбайтын, бірегей салт-дәстүрлері бар. Соның бірі – «құрсақ шашу» тойы. Аяғы ауыр әйелге қатысты орындалатын дәстүрдің басты мәні – қуанышты атап өтумен қатар болашақ ананың денсаулығына ерекше мән беру болмақ.

2020жылдың 14 қазан күні Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Құрсақ шашу» тағылымдық шарасы өтті. Мақсаты- ұлт құндылығының бүгінде ұмытылған бірегей дәстүрінің бірі, ұрпақтың өсіп –өнуінің айшықты үлгісі «Құрсақ шашу» дәстүрін қазіргі қоғамға кеңінен насихаттау.Құрсақ шашу кішігірім той-думан ретінде әйелдер арасында аталып өтеді. Дәстүрдің жалпы сипаты-қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару, көз тиюден, шошынудан сақтау.