«ТҰСАУКЕСЕР» РӘСІМІ

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында көпшіліктің сұранысымен «Тұсаукесер» рәсімі өтті. Кішкентай сәбиіміз Алмастың үлкен өмірге алғашқы қадамын кескен — ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, «Шымкент қаласының №1 олимпиада резервінің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің» директоры, даңқты боксшы Мұхтархан Қобланбекұлы Ділдәбеков.Тәй-тәй басқан Алмас бүлдіршіннің қадамы құтты, өмір жолы жарқын болсын! Орталықта алдағы уақытта да дәстүрге сай танымал игі жақсылар бүлдіршін ұл-қыздарымыздың тұсауын кесетін болады.
Егер Сіз отбасы қуанышы, мерекелік шаралар мен той-томалағыңызды ата-баба дәстүріне сай, ысырапсыз, мән-мазмұнды өткізгіңіз келсе онда бізге хабарласыңыздар.