«Салбурын мереке ғой саятшыға…»

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Ońtústik» телеарнасымен бірлесе, Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Кеңесарық елді мекенінде саятшылық, құсбегілік өнерін насихаттау мақсатында «Салбурын мереке ғой саятшыға…» атты телевизиялық бағдарлама түсірілімін өткізді.
Саятшылық, құсбегілік өнердің қазақ даласында ерте кезеңдерден бері қалыптасып, дамығаны белгілі. Бүгінде осы ұлттық саятшылық дәстүрімізді ұмыт қалдырмай, бабадан қалған бағзы бекзат өнерді жалғап жүрген, оңтүстік өңіріне белгілі құсбегі Жомарт Кеуеновтың бір күндік табиғатпен үндескен өмірі түсірілді. Оның құсбегілік өнерге келу жолы, бұл кәсіптің қыр-сыры, бүркіт баптау мен құмай тазыларды аңшылыққа баулу, аңға салу жолдары көрсетілді.