Басшылық құрамы

 

 

Муслимов Бейбітжан Жомартұлы

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы МКҚК-ның директор м.у.а.

Муслимов Бейбітжан Жомартұлы – 1984 жылы 15 қыркүйекте Жамбыл облысы, Тараз қаласында дүниеге келген.
2001-2005ж. Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, театр факультетін бітірген, «драма театры және кино актері».
2005-2006ж. Тараз қаласының «Мәдениет үйі» — көпшілік қойылымының режиссері.
2005-2007ж. Тараз. ТарМУ-актерлік шеберлік оқытушысы, көпшілік қойылым режиссері, ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі. «Мәдени-тынығу жұмысы» кафедра меңгерушінің орынбасары.
2007-2013ж. Алматы. «Ақсарай» Театр-мюзикл актері, менеджер.
2014ж. Тараз. Жамбыл облысының мәдениет басқармасында басқарма бастығының кеңесшісі, Мәдени-демалыс қойылымын ұйымдастырушы.
2014ж. Тараз. Бас алаңда өткен «Наурыз-2014 Тараз» жобасының бас режиссері.
2013-2015ж. Алматы және Астана қалалары. «Ел-продакшн» — Елорда күніне арналған «қазақ дәстүрі» қойылымының режиссері. 2015 жыл бас режиссер «Наурыз-2015 Астана. Тәуелсіздік Алаңы».
2013-2014ж. Алматы. «Қазақфильм» киностудиясы. «Гармония сабақтары» киножобасы, реж. Эмир Байғазин — актер, кастинг директоры, локейшн менеджері, режиссердің ассистенті.
2014ж. Алматы АРДИ. «Болу немесе болмау» киножобасы. Азизжан Заиров — желілік және атқарушы продюсер.
2014ж. Астана. Фариза Оңғарсынованы еске алу кеші. Бейбітшілік және Келісім сарайы-бас қоюшы режиссер.
2014-2016ж. Алматы. «Қазақфильм» киностудиясы — «Жаралы періште» кинокартинасының бас продюсері, реж. Эмир Байгазин.
2018ж. Алматы. Алматы қаласының әкімдігі. «Бір өлең, бір ән» заманауи поэзия кеші — бас қоюшы режиссер, продюсер.
2017-2018ж. Алматы қ. «Қазақфильм» Киностудиясы. «Өзен» киножобасының желілік продюсері. реж. Эмир Байғазин.
2016-2020ж. Алматы қ. «Шежіре-Тарих» ЖШС-деректі киноның көркемдік жетекшісі, режиссері, продюсер. Продакшн тарихи өмірбаяндық фильмдер, көркем-қойылымдық фильмдер шығарумен айналысады.
2020ж. Семей қ. «BF CREAGROUP» ЖШС-мен бірлесіп Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайы үшін контентті әзірлеу мен жинауға қатысты.
2021жылдың сәуір айынан бастап Шымкент қаласының мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы МКҚК-ның директор м.у.а.

                                                      

Гүлшат Жақанқызы

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚК-ның директорының орынбасары

Гүлшат Жақанқызы – Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы, Бөген ауылында 1982 жылы

1 сәуірде дүниеге келген. Білімі-жоғары. Мамандығы – «Режиссура»

2000-2005 ж.ж. — М.Әуезов атындағы ОҚМУ бітірген.

2003-2004 ж.ж.- Бөген аудандық мәдениет бөліміне қарасты Нұра ауылдық мәдениет үйінде сүйемелдеуші.

2006-2010 ж.ж.- Бөген орта мектебінде драма үйірмесінің жетекшісі.

2010-2013 ж.ж.- Бәйдібек аудандық мәдениет бөліміне қарасты Нұра ауылдық мәдениет үйінде сүйемелдеуші.

2016-2020 жылдың желтоқсан айына дейін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ғылыми-ағартушылықты қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы МКҚК-ның директордың орынбасары қызметін атқаруда.

  1. Леубаева Ақмарал Пернебекқызы  Ғылыми-ағартушылықты қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі

Леубаева Ақмарал Пернебекқызы — 1969 жылы 10 қазанда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданы Ақбастау елді мекенінде дүниеге келген. 1986 жылы Ақмешіт ауылындағы Қ. Спатаев атындағы орта мектепті тәмамдаған. Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы педогогикалық институтының филология факультетін үздік бітірген (1987-1992 ж.ж.). Институт көлеміндегі іс-шараларға белсене араласқаны үшін бірнеше мақтау грамоталарымен марапатталып, Шымкент қаласындағы Дзержинский аудандық кеңесіне депутат болып сайланды (1989-1990).
Айтысқа 1988 жылдан қатыса бастады. Ақиық ақын М.Мақатаевтың 60 жылдығына, қоғам қайраткерлері А.Байтұрсыновтың 100 жылдығына, С.Қожановтың 150 жылдығына, Т.Рысқұловтың 100 жылдығына, ұлы Абайдың 150 жылдығына, жыр алыбы Жамбылдың 150 жылдығына арналған және батыр Б.Бейсекбаевты еске алуға арналған айтыста, Қарасай батырдың 300 жылдық және көрнекті жазушы С.Мұқановтың 100 жылдық , мемлекет қайраткері Д.А. Қонаевтың 95, 100 жылдық мерейтойларына орай өткен республикалық, халықаралық айтыстарда жүлделі орындарды иеленген.

1992 — 2008 жылдар аралығында қазіргі Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Шымкент институтында оқытушы болып қызмет атқарды.
Оңтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында бас маман

(2005-2007), ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша басқармасында бас маман (2007), «Ақбота N33″ балабақшасының меңгерушісі (2007-2013),

МКҚК» ОҚО тарихи өлкетану мұражайы» директорының орынбасары (2013-2014ж.ж.)
«Əдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы» коммуналдық мекемемесінің директоры (2014ж) қызметтерін атқарды.

2017-2020 жылдың желтоқсан айына дейін «Əдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы» МКҚК директорының орынбасары қызметін атқарды.

2020 жылдың желтоқсан айынан бастап Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ғылыми-ағартушылықты қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі.

Дуйсебаева

Жамила Нагашбековна

«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» бас есепшісі.

Дуйсебаева Жамила Нагашбековна– 1975жылы 4 сәуірде Түркістан облысындадүниеге келген. Білімі жоғары,  «Көкше» академиясының «Есеп және аудит» мамандығын бітірген. 2015жылдан осы уақытқа дейін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Бас  бухгалтер қызметін атқаруда.Тәжірибелі бухгалтер,  халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарына  сәйкес бірнеше курстардың сертификаттарын алған.

 

     

Қалмұрзаев

Дүйсенбек Досанбекұлы

Қорларды ғылыми-зерттеушілік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

Калмурзаев Дуйсенбек Досанбекович — Түркістан облысы, Отырар ауданы,  Көксарай елді мекенінде 1983 жылы 5 ақпанда дүниеге келген.  2000-2005 ж.ж. -М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. 2007-2013 ж.ж.-Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ғылыми қызметкер болып жұмыс атқарды.2015 ж. «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» МКҚМ-да әдіскер, ғылыми қызметкер жұмысын  атқарған. 2016 жылдан осы уақытқа дейін  Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Қорларды ғылыми-зерттеушілікті қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі.

2

Омар    

Мырзабай Еркiнбайұлы

Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.

   

Мырзабай Омар Еркінбайұлы— 1959 жылдың  10 желтоқсанында қазіргі Түркістан облысы Созақ ауданының Сарыжаз елдімекенінде дүниеге келген.Панфилов ат. ауылдық орта мектепті бітірген соң (1977 ж), Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» бойынша  аяқтайды (1981ж). 1981-1991 жж. ауылдық мектепте ұстаз, 1991-2008 жж. М.Әуезов ат. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Университетінде оқытушы, аға оқытушы, доцент қызметтерін атқарады. Гуманитария магистрі. 2015 жылдан бері  Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында «Ғылыми-әдістемелік» бөлім басшысы болып қызмет етеді.

 

 

Мамекова Дана

Кадр ісі жөніндегі маман м.у.а, ғылыми қызметкер.

Мамекова Дана Алихановна— 1978 жылы 29 қаңтарда Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында туылған. Білімі жоғары, М.Ауезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің  «Тарих және география» пәндерінің мұғалімі,  «Мәдениеттану» магистрі. Қазіргі таңда Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының «Ғылыми-әдістемелік  қамтамасыз ету» бөлімінің ғылыми қызметкері.

Дәулет Темірбек Дайрабайұлы

Шаруашылық бөлімінің меңгерушісі.

Дәулет Темірбек Дайрабайұлы -1978 жылы 10 наурызда Түркістан облысында туылған. Білімі жоғары, Аймақтық әлеуметтік –инновациялық университетінің  «Музыкалық білім» мамандығын, Алматы ауылшаруашылық институтының «Автомобильді техникалық жабдықтау және жөндеу» мамандықтары бойынша білім алған. 2018 жылдан бүгінгі күнге дейін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында шаруашылық бөлімінің меңгерушісі қызметінде.