«Біз қазақ – бейбіт елміз!» 15.11.2017ж

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы (директоры Ж. Тағаев) облыстық Ардагерлер кеңесімен бірлесе Қазыбек бидің 350 жылдық мерейтойына орай «Біз қазақ – бейбіт елміз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

«Тулақ шашу» 02.11.2017ж

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Арыс ауданы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе аудан тұрғындары арасында жүннен, киізден жасалатын бұйым түрлерін жасау өнеріне қатысты «Тулақ шашу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: ұмыт бола бастаған көне дәстүрімізді жаңғырту, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау.

«Жігіт сұлтаны — 2017» 24-25.10.2017ж

Облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық көлемде «Жігіт сұлтаны — 2017» байқауының І-кезеңі өткізілді.
Қазылар алқасы құрамында Әбдіхалық Әбдіраймов – ақын-сазгер, «Түркістан» сарайы директоры орынбасары, Құрмаш Жылқыбай — Көкшетау қаласында өткен республикалық «Жігіт сұлтаны-1995» байқауының бас жүлдегері, Мұхтар Атахан – қолданбалы өнер шебері қазылық етті.

«Ж.Шанин шығармаларындағы этнографиялық құндылықтар» 11.10.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе, режиссер, драматург, театр өнерінің қайраткері Ж.Шаниннің 125 жылдығына орай «Ж.Шанин шығармаларындағы этнографиялық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген бұл шарада театр корифеиінің өнерге келу жолы, өмірінің беймәлім сырынан бастап, қазақ кәсіби өнеріне қосқан үлесі туралы ойды орталық директоры Ж.Тағаев ортаға салды.

«Қариясы бар ел қазыналы» 10.10.2017ж

1 қазан — қазыналы қарттарымыздың төл мерекесі. Осы орайда Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Тағаевтің бастамасымен «Қариясы бар ел қазыналы» тақырыбында облыстық Ардагерлер үйінде сыр-сұқбат ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, ардагерлерге құрмет көрсету; кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа баулып, отансүйгіштік қасиетті бойына сіңіруге үндеу.

«Мизам – береке бастауы» 27.09.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе егін шаруашылығы дәстүрлерінің бірі – «Мизам» мерекесіне орай, «Мизам – береке бастауы» этнофестивалін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: қазақтың өмір салтында бар, бірақ көп тойлана бермейтін, мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, елдің берекеге кеңелетін кезінде атап өтілетін «Мизам» ұлттық мерекесін халық арасында кеңінен насихаттау, ұмытыла бастаған осы дәстүрдің көне дәстүрге сай нұсқасын телеарна, өзге де БАҚ арқылы ел арасына тарату.

«Ақ Отау» 26.09.2017ж

Оңтүстік Қазақстан облысы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ақ Отау» жастар сейілі телевизиялық жобасы қолға алынды. Ұйымдастырылған жобаның мақсаты – ұлтымыздың ұмытыла бастаған көне салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жас жұбайларға арналған заманауи үлгідегі дәстүрге ұластыру, БАҚ, телеэкран арқылы кеңінен насихаттау.

«Алтыбақан» 20.09.2017ж

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға аса мән берді. Осыған орай, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Отырар аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Отырар ауданында Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жастар арасында «Алтыбақан» ойын-сауық кешін ұйымдастырды.

«Ел боламын десең …» 13.09.2017ж

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен «Ел боламын десең …» тақырыбында этнограф, жазушы Зейнеп Ахметовамен сырласу сағаты өтті. Ел анасымен жүздесудің мақсаты: қазіргі жастар тәрбиесі, оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ халқының салт-дәстүрін жаңғырту.

 

«Дәстүр және рухани жаңғыру» 29.08.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Дәстүр және рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау; салт-дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосу; қазақстандықтардың рухани бірлігін арттыру және ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау.

 

1 18 19 20 21 22 23