«Түркістан – Ер Түріктің бесігі…» 22.05.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, Түркістан қалалық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе «Түркістан – Ер Түріктің бесігі…» атты 18-35 жас аралығындағы жазба ақындар арасында жыр мүшәйрасын ұйымдастырды. Түркістан қаласының «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткізілген бұл шараның негізгі мақсаты: жазба ақындардың шығармашылығын шыңдап, талабын ұштап, жас ақындардың тың туындыларын халқымыздың салт-дәстүрі және әдет-ғұрпымен байланыстыру, қоғам назарына ұсынып, көпшілікке насихаттау. 

«Батаменен ел көгерер» 17.05.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ОҚО Әкімдігінің тапсырмасымен ОҚО аудан, қалаларында ардагерлер үйінің құрылғанына 30 жыл толуына орай «Батаменен ел көгерер» тақырыбында батагөй қариялар байқауы ұйымдастырылды.  Байқаудың мақсаты  қол жайып бата сұрағанға жол ашатын, бақ тілейтін мәні мен маңызы зор, сөзі үміт сыйлайтын бата беру дәстүрін қайта жаңғырту.

«Ұлы дала ойындары» 03.05.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы қызметкерлері облыстық қосалқы мектеп интернаты оқушыларына қазақтың ұлттық ойындарын насихаттау аясында «Ұлы дала ойындары» тақырыбында ұлттық ойын түрлерінен сайыс ұйымдастырды. Сайыс барысында мүмкіндігі шектеулі интернат тәрбиеленушілері «ақшамшық» (сақина салу), «асау мәстек», «арқан тартыс», «бестас», «арынды арқан» сынды ұлттық ойын түрлерінен сайысқа түсті.

«Үкілі ару» 26-27.04.2017ж

Қыз баласы – ертеңгі ана, отбасының ұйытқысы. Қазақ қызы барған елін көгертіп, көбейтіп, мерейін үстем етіп, кез-келген жағдайда отбасы тірлігін дөңгелетіп кеткен. Оған кешегі жоқтан бар жасай білген дана әжелеріміз бен бүгінгі аналарымыз дәлел. Ал, қазіргі заман дамыған елде қазақтың қызы үй жағдайындағы тірлікті қаншалықты алып кетеді деген сұрақ туады? Осы мәселе тұрғысында алатындығын білу үшін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыс көлеміндегі аудандар арасында «Үкілі ару» байқауын ұйымдастырды.

«Ел қорғаны-батырлар» 18.04.2017ж

Балаларымызды ұлтжандыққа тәрбиелеуде батырлар жырының алар орны ерекше. Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Түркістан — түркі әлемінің мәдени астанасы жылы аясында қалалық мектеп оқушылары арасында «Ел қорғаны-батырлар» тақырыбында жас жыршылар байқауын өткізді.

«Бесік жыры-тәрбие бастауы!» 15.03.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында облыстық жасөспірімдер кітапханасымен бірлесе «Пай-пай, шіркін, қазақтың келіндер-ай»!   атты облыс көлеміндегі келіндердің байқауы өтті. Байқаудың мақсаты — отбасындағы ата- ене, келін, қайын сіңлі, қайын арасындағы қарым — қатынасты нығайту.

«Қансонарда бүркітші шығады аңға…» 17.02.2017ж

Әдет-ғұрып және салт дәстүр орталығы мен Төлеби ауданының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе, аудан тұрғындарының аңшылар қоғамы мүшелерімен «Қансонарда бүркітші шығады аңға…» тақырыбында аңшылар арасында саятшылық өнерін насихаттау аясында этнографиялық танымдық шара өтті.

 

 

Орталықта дайындалып жарыққа шықан кітаптар

 

 

 

Бес жылдық белес

 

Еліміз егемендігінің 30 жылға жуық аралығында экономикамыз бен мәдениет, руханият саласында едәуір өрлеу кезеңінен өттік. Соның бір нәтижесіосыӘдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының 2014 жылдың желтоқсан айында сол кездегі облыс әкімі Асқар Мырзахметовтың тікелей бастамасымен ұйымдастырылып, Тұңғыш Президентіміз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Оңтүстікке жасаған іс-сапары кезінде ашылуы.Бұл-  еліміздің өзге өңірлері мен облыстарында жоқ бірегей орталық.  Мұнда  салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарымызға байланысты жан-жақты ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар жүргізілді. Сонымен қатар ғасырдан ғасырға жеткен ұлттық құндылықтарымыз кеңінен насихатталады. Сондай-ақ, Оңтүстікті мекендеген өзге ұлыс өкілдерінің де әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері жүйелі түрде зерделеніп, ортақ игілікке пайдалану жағы  қарастырылды. Мұндағы негізгі ұстаным – Тұңғыш Президентіміз, Елбасымыздың «Мәңгілік Ел»  идеясын жүзеге асыру.

Аз ғана уақыт аралығында бой көтерген екі қабаттан тұратын орталықта «Достық», «Салт-дәстүр» және Мәжіліс залдары орналасқан. Бүгінде бұл орталық көпшілікке қызмет етіп келеді.

Әдет – ғұрып және салт – дәстүр орталығында тал бесіктен – жер бесікке дейінгі жол-жоралғы, ғұрып-салттарды сахналық  қойылым арқылы көрсетуде халықтың тұрмыс-тіршілігінде пайдаланған этнографиялық, қолөнер бұйымдары, жастарды ерлік рухта тәрбиелеуде жәдігерлердің таңдаулы үлгілері жинақталуда. Оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді, мазмұнды өткізу мақсатында жазғы демалыс аймақтарында, сауықтыру лагерьлерінде ұлтымыздың ұмыт бола бастаған ұлттық ойындарын қайта жаңғыртып, оқушылармен зерделеніп, іс-қимылға құрылған ұлттық ойындар, танымдық сабақтар жүйелі түрде өткізілді. Орталық қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ғылыми-әдістемелік, ғылыми–тәжірибелік конференция, семинар-тренинг, әдеби–танымдық кештер, дөңгелек үстелдер, өзге де түрлі  форматта жиындар өткізілді.

Облысымыздың аудандарымен, қаланың жалпы орта мектептері, Назарбаев зияткерлік мектептері, жоғары оқу орындары, кітапхана, ардагерлер үйі, қарттар үйі, мүмкіндігі шектеулі жандар, зағиптар, әлеуметтік жағынан аз қамтылған топтар, жетім балалар үйі, арнайы мамандандырылған мектептер, кәсіптік колледж, әскери бөлімдер т.б. мекемелермен бірлесе әдет-ғұрып және салт-дәстүрді  жаңғырту, насихаттау жұмыстарын атқарып келеді.

Бүгінге дейін  мазмұны терең түрлі рухани-мәдени тақырыпты қамтыған көптеген іс-шаралар өткізілді. Оған әр деңгейдегі тұрғындар мен келушілер қамтылды.

 

 

Ғылыми-экспозициялық және әдістемелік жұмыстар

 

Облыстық әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының «Достық» залында орын алған жәдігерлерден облысымыздағы 20 этномәдени орталықтардың мәдени тұрмысынан хабардар болуға болады. Мұнда өзге ұлыс өкілдерінің салт-дәстүрлеріне байланысты ұлттық киімдер, бұйымдар мен кітаптар қойылған. «Ұлттық салт-дәстүр» залында қазақтың ұлттық «Жеті қазына», «Жеті жарғы», «Жеті ата»-  дан басталатын қасиетті жеті санына қатысты көптеген даналық сөздері тарқатыла зерделенген. «Ұлттық салт-дәстүр» залында жәдігерлер  киіз үйдің ішкі құрылысына сай жасақталған. Төр – мұндажүкжиналып, қонақтаротыратынорындайындалған. Бұлүйдіңжоғарғыәріқасиеттіорыныдепсаналады.  Оң жағында «Ер жігіттің бес қару», ер-тұрман, киім-кешектері ілінген.  Сол жағында отыратын және жатын орын, босаға жақта тұрмысқа қажетті ыдыс-аяқтар қойылған. Сонымен қатар адам өміріндегі әрбір сәттерге қатысты ата-бабаларымыздың ақ баталары да жинақталған. Сондай-ақ  әр залда заманауи талаптарға сай интерактивті киоскі орнатылды. Интерактивті киоскіге орталықтың негізгі жұмыс бағдары, әдет-ғұрып салт-дәстүрлерге байланысты түрлі  бейнероликтер енгізілген.

 

Ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстар

 

Жазушы, журналист Қайырғали Медет басшылық еткен 2014-2015 жылдары Ғылыми зерттеу және әдістемелік бағытындағыжұмыстардың жылдық жоспары негізінде халқымыздың көне әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін жинақтап, заманауи талаптарға сай жаңғырту және өткізу жолдарын көрсетуде бірқатар жұмыстар атқарылды.

2015 жылдың жұмыс жоспарында көрсетілген «Қазақ отбасы», «Бата – сөздің анасы», «Құда- мың жылдық…», «Жұмыртқадан ақ келін», «Сәби келді дүниеге», «Азан шақырып ат қою…», «Тұсауыңды кесейін, ат қою», «Қымыздан асқан дәм бар ма?!», «Шұбат – шипа бұлағы», «Айналайын, айран-сүт», «Қой жылы», «Киелі қамшы қолға алып…», «Ата кәсіпке ден қойсақ» танымдық-анықтамалық кітапшалары мен «Дәстүр бізден басталады» энциклопедиялық басылымы өндіріске дайындалды.

2015 жылдың 2 шілдесінде Елордамыздағы Көрме орталығында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұрлы жол» және Үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылуы барысына арналған жалпыұлттық телекөпір өткен болатын. Сол жерде Елбасы Қазақстанның бейресми символикалық атауын бүкіл әлем бойынша ілгерілету туралы ойын білдірген еді. Сол кездегі ОҚО әкімі Асқар Исабекұлы МырзахметовпенАйдарбекова Күлия Смайлханқызы басқарма басшысы болған тұсында ұлы мұрамызды қайта жаңғырту мақсатында өңіріміздегі танымал ғалым, әдебиетші, тарихшылардан шығармашылық топ құрып, «Ұлы дала өсиеті» жинағының жарық көруіне септігін тигізді. Айтулы оқиғаға орай, ОҚО мәдениет басқармасының басшылығымен«Ұлы дала өсиеті» деп аталатын 700 беттен тұратын даналық сөздер антологиясы құрастырылып, 3000 данамен жарыққа шықты. Мақсаты – соңына өлшеусіз мұра қалдырған даналардың асыл сөз маржандарын және қолына қалам ұстаған сөз зергерлерінің тағылымды ой-түйіндерін қалың оқырманға ұсыну болды.Көлемді жинақ «Ой түбінен шыққан сөз…», «Қара қылды қақ жарған…», «Құмнан алтын сүзгендей…» деп аталатын негізгі үш бөлімнен тұрады.  Бұл жинақ бүгінде қалың оқырманның күнделікті қолданысында жүр.

 

Орталықтың қорын толықтыру, жинақтау жұмыстары

 

2015 жыл бойынша орталықтың қорына 91 жәдігер жинақталды.

2016 жылы мекеме басшысы А.Ихсанов басшылық еткен кезінде орталықтың қоры біршама заттармен толықты. Жәдігерлердің қатарын этнографиялық маңызы бар  12 қанатты екі киіз үй толық жиынтығымен, ұлттық әшекей бұйымдар, картина, панно, гобелен,  ер жігіттің бес қаруы, ер -тұрман, кітаптар, бейнетаспалар, киімдер құрайды.

Қорларды, ғылыми-зерттеушілікті қамтамасыз ету бөлімінде жинақталған құжаттарды, материалдарды тіркеп, тақырыптарға бөліп, құндылығын анықтап, қажеттілігіне қарай ұсыныстар енгізу, жеке-жеке салт-дәстүрлерге каталог ашып, пайдалану жағын реттестіру,  этнос өкілдерінің салт-дәстүрлеріне қатысты құжат, материалдар, тарихи негіздемелер жасау жүктеледі.

Сондай-ақ, орталық қызметкерлері қазақ халқының көнерген дәстүр салттарын жаңғырту мақсатында телевизиялық түрлі жобаларды бейнетаспаға түсіріп, жинақтау жұмыстарын жүргізуде.

 

 

 

 

Ғылыми-ағартушылықты қамтамасыз ету жұмыстары

 

Орталықтағы жұмыстың бір бағыты – қазақ халқының дәстүрлі маусымдық мерекелерінің әр маусым сайынұйымдастырып, кеңінен атап өтіп, әрі қарай жүзеге асыру.

Өңіріміздің барлық аудандары салт-дәстүрге берік, табиғаты көркем, шұрайлы, төрт түлігі сай, экономикасы өркендеген аграрлы аймақ.

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы халқымыздың ұмытылуға айнала бастаған дәстүрлерін, ұлттық маусымдық мерекелерді қайта жаңғырту мақсатында 2017 жылы Бәйдібекте  «Сыбаға», Төлебиде  «Қансонарда бүркітші шығады аңға…», Түлкібас ауданында «Қымызмұрындық», Сайрам ауданында «Мизам береке бастауы», Сарыағашта 14 наурыз Көрісу күніне орай «Көрісіп, күлімдесіп, мауқын басып…», Ордабасы ауданында «Ойында үлкен ой жатыр», Созақ «Құдамың жылдық», Отырарда «Алтыбақан» ойын-сауық кешін, Арыста «Тулақ шашу», Қазығұртта «Сабантой», Мақтаарал ауданында «Соғым шүйгін болсын!» дәстүрлі фестивальдерін өткізді.

 

 

Жобалар бойынша атқарылған жұмыстар

 

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» кіші жоба бағдарламасы бойынша жылдың басында «Елдіктің бір белгісі-Ерулік», «Ұлттық киімдер» атты2 жобаұсынылып, жылдың соңында жүзеге асты.

«Елдіктің бір белгісі-Ерулік» жобасы аясында  –  тарих қойнауында жатқан асыл қазыналарды ұлт игілігіне жарату мақсатында «Дәстүрім-асыл қазынам» деп аталатын 200 беттен тұратын, энциклопедиялық басылым 1000 данамен «Нұрлы Әлем» баспасынан жарыққа шықты.

Кітапта тал бесіктен жер бесікке дейінгі атқарылар салт-дәстүрлер жүйеленіп, тараулар мен бөлімдерге бөлініп қамтылды. Сонымен қатар «Елдіктің бір белгісі-Ерулік» жобасыаясында Этномәдени орталық өкілдері, ауыл имамдары,  эксперттер, ғалымдар және ақсақалдар төрағаларының қатысуымен «Ұрпақ тәрбиесі» атты кездесу, Көршілер арасындағы қарым-қатынасты жаңғырту мақсатында   «Ағайынның аты озғанша, көршіңнің тайы озсын»  шеберлік сағаты өткізіліп,40 минуттық «Ерулік-ұлттық бірегейлік бастауы» атты бейне-фильмтүсірілді.

«Ұлттық киімдер» жобасы аясында —  5 іс-шара ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ: Шымкент қаласы Ә.Қастеев атындағы Оңтүстік Қазақстан өнер және дизайн колледжімен бірлесе «Ұлттық киім ерекшеліктері», Шымкент қаласы №5 МКҚК колледжімен бірлесе «Қазақтың ұлттық киімдері», Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Жібектен тігілген ұлттық киімдер» тақырыбында шеберлік сағаттары, «Ұлттық киімнің қадірі» атты белгілі дизайнерлердің қатысуымен фестиваль өткізіліп, қазақтың ұлттық киім үлгілерінен үш тілде (қазақ, орыс, және ағылшын), 64 беттік, 1000 дана альбом жарық көрді.

 

Бабадан мирас болып жеткен, тамырын тереңге жайған асыл мұраларымызды жинақтап, бүгінгі өскелең ұрпақ бойына сіңіруде «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының» атқарар қызметі ерекше. Бүгінге дейін бұл мекеме ұлттың ұлт екендігін танытатын, оның өткені мен бүгінін сабақтастыратын  бірегей орталыққа айналып келеді. Тұңғыш президент Н.Назарбаевтың Жолдауында: «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Абайдың даналығы, Әуезовтің ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күй­лері, ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні – бұлар біздің рухани мәдениетіміздің бір парасы ғана.

Сонымен бірге, «жаңғыру ұғымының өзі мей­лін­ше көнерген, жаһандық әлеммен қабыспайтын кейбір дағдылар мен әдеттерден арылу дегенді білдіреді» деген еді.

Иә, ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайтыны бүгінде баршамызға мәлім.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ» атты Жолдауында : «қазір бізге тәуелсіздіктің жетістіктерін еселеп, елімізді дамудың жаңа сапалы кезеңіне шығару мүмкіндігі беріліп отыр, біз бұған Елбасы саясатының сабақтастығын сақтап, жүйелі реформалар жүргізу арқылы қол жеткізе аламыз» деп тұжырымдады.Осы орайда ғасырлардан бүгінгі күнге жеткен ұлттық құндылықтарымызды сабақтастыра, жас ұрпаққа қаймағын бұзбай жеткізуде бірлесе атқарар жұмыстарымыз ұшан-теңіз.

Мақалалар

10 002 10 003 10 004 10 005 10 008 10 009 11 001  IMG_3577 Ата кәсіп 2Рисунок Ата кәсіп 3 Ата мен Әже Бас тарта білесің бе макала Ата кәсіп Рисунок (2) Рисунок (4) Рисунок 8 наурыз aҰрпаққа ұран болған Рисунок (3) Ұлттық рухтың жаршысы Тарихты зерделеу масты мақсат   Рисунок (10)Рисунок (8) Рисунок (9)Өнерлі де өнегелі қуыршақтар1 Өнерлі де өнегелі қуыршақтар2Рисунок (7)  озық дәстүр Ақын айтсаҚырғыздардың ыр кесесі Бесікке салу дәстүрі                    

 

 

 

 

 

 

 

 

  

    

        

 

 

1 20 21 22 23