«Дәстүp және Ғұрыптық ән» 25.09.2018ж

Көне заманнан келе жатқан асыл мұраларымызды, ғасырлар қойнауынан сыр шертіп, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ән қазынасын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Дәстүp және Ғұрыптық ән» танымдық шарасын өткізді. Шара барысында — «Әжелер» тобы бесік жырын айтып әлдилесе, халық композиторларының әндерін орындап, елдің зор ықыласына бөленіп жүрген әнші-Керімқұлова Гүлжан өнерлерін көрсетті. Белгілі этнограф, танымал қолөнер шебері Кендебай Қарабдалов бақсылар сарынын орындап, даңғара және шаңқобызда ойнап, көрермендердің зор қошеметіне ие болды. Сыр өңірінен келген біртуар жыршы-термешілер: Тәңірбергенов Айбек және Жұбаниязов Серікқали жыр-толғауларымен кеңінен көсілді. Орталық қызметкері Нұрлан Есенқұлов жоқтау айтып, көрермендердің жүрегін тебірентсе, Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әншілері- Тұрғанбек Жұлдызай, Махатаева Гүлдана, Айтуарова Әсем, ғұрыптық әндердің келесі түрі «Жар-жарды» осы орталық қызметкерлерінің қатысуымен айтылып, Рәтбек және Саят сынды өнерпаздарымыз ән-жырдан шашу шашып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.