«ШАШБАУЛЫМ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының әлеуметтік желі парақшаларында қазақ халқының аруларын ұлттық тәрбиеге баулу, күнделікті өмірде шаштарына шолпы, шашбау тағып жүруді насихаттау мақсатында өткізілген «Шашбаулым» байқауы өз мәресіне жетті. Жеңімпаздарды орталықтың мәжіліс залында қазылар алқасы құттықтап, марапаттады.
Жүлде иегерлері:
1-орын –Тайбек Жадыра, Шымкент қаласы.
2-орын- Өтебай Әдемі, Шымкент қаласы
3-орын-Ибрагимова Шахсанам, Шымкент қаласы
Ынталандыру сыйлығы — Дайрабай Қызғалдақ, Шымкент қаласы,
Ынталандыру сыйлығы — Шора Арайлым, Шымкент қаласы
Ынталандыру сыйлығы — Әзімхан Мерей, Алматы қаласы
Ынталандыру сыйлығы — Егемберді Заринат, Шымкент қаласы.

Жеңімпаздар орталықтың алғыс хатымен марапатталып, зергерлерге арнайы тапсырыспен жасатылған шашбау, құсмұрын жүзігі, өңіржиек, сырға, тағы басқа ұлттық нақыштағы күміс әшекейлер сыйға берілді.

«САЛТ-ДӘСТҮРДЕ – АҚ ОТАУ»

Орталықта «Салт-дәстүрде – Ақ отау» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағаты өтті. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. Шеберлік сағатына қаламыздағы жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері қатысты.

Әуелі киіз үйдің теориялық құрылымы жайында таныстырылымын тыңдаған жастар, одан кейін нақты жұмысқа кірісті. Орталық қызметкерлері ғимарат алдында 12 қанат ақ орданы қалай дұрыс тұрғызу жолдарына жеке-жеке тоқталып, жастарға тәптіштеп түсіндірді. Жұмыс барысында тарихымыздағы ең бірінші сәулет құрылысына қажет шаңырақ, кереге, уық сынды заттардың әрбірінің маңызы жайлы айтылып, жиналған жастарға насихатталды. Қазақ елінің көне дүниетанымын көрсететін киіз үй – рухани мәдениеттің үздік үлгісі екендігін көрсете білді.
Жиналған жастардың барлығы дерлік киіз үйдің құрылу жолына алғаш куә болды. Оны жастардың қызығушылығын үйді құру барысындағы белсенділіктерінен-ақ байқауға болады. Орталық басшысы Сұлтан Оңғарұлы бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталып, шараға қатысқан жастарға алғысын білдірді.

ЖАС БҮЛДІРШІНДЕР ОРТАЛЫҚТА ҚОНАҚТА

Бүгін орталықта «Бағжан» балабақшасы ұлттық құндылықтардан сыр шертетін мерекелік шара ұйымдастырды. Күн мен түн теңелетін көктемнің шуақты мерекесі әз Наурыз мейрамына балабақша балғындары айрықша әзірленген. Шарада тілдері бал бүлдіршіндер тақпақ айтып, ән салды, би биледі. Бүлдіршіндерге ұлттық ойындар «арқан тартыс», «асық» ойындары ойнатылды.

Ұлық мерекені балабақшадан атап өтудегі басты мақсат – салт –дәстүр, наурыз құндылықтарын дәріптеу. Бұл бала тәрбиесіндегі басты қағида. Ал оған кез-келген ата–ана жұмыла қатысып жатса ұлттық тәрбиенің мақсат мұраты орындалады.

1 2 3 22