«Ұлы дала» стилі 06.02.2019ж

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларында ұлттық бірегейлікті сақтау керектігін баса көрсетті. Қазақтың ұлттық киімдері-заман ағымымен қатар дамып келе жатқан асыл қазыналарымыздың бірі. Осы ретте ұлттық киімнің барша сымбаты мен ою- өрнегін, әрбір әшекейінде халқымыздың тарихының, ой-дүниесінің қайталанбас көрінісі бар екенін жастарға жеткізу бүгінгі күннің өзекті мәселесі.«Ұлы дала стилі» ұлттық үлгіде кеңселік киім кию мәдениеті жобасы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының бастамасымен Түркістан облысы және Шымкент қаласы мекемелері арасында отандық өнімді қолдау және ұлттық құндылығымызды заманауи талапқа сай етіп ұсыну, кеңселік киім кию үлгісін мәдениет мекемелері арасында эстафета ретінде 2019 жылдың 30 қаңтарынан — 22 наурыз айлары аралығында жүзеге асыруды ұсынады. Нәтиженің көрсеткіші ретінде баспасөзге және арнайы түрде «Ontustik» телеарнасы арқылы әр жолданған эстафетаны жариялай отырып Наурыз айының 22 жұлдызында бұл бастаманы қолдап, жүзеге асырған үздік мекеме әлеуметтік желі арқылы көпшіліктің дауыс беруімен анықталады. Өзге мекемелердің қызығушылығын ояту мақсатында сый- сияпат көрсетіледі. Осыған орай Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы «Ұлы дала» стилін жаңғыртуда ұлттық киім кию мәдениеті эстафетасын Түркістан облыстық «Ontustik» телеарнасына берді. Негізгі мақсат- осы шара арқылы мемлекеттік мекемелер арасында ұлттық құндылыққа деген көзқарасты қалыптастырып, кеңінен насихаттау. Шараға мәдениет қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты.