«Ұлы даланың жеті қыры» және этнография мәселелері» 22.04.2019ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында танымал этнограф-ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабайдың қатысуымен «Ұлы даланың жеті қыры» және этнография мәселелері» атты кездесу сағатын өткізді.
Кездесуде көптеген монографиялар, 300-ге жуық ғылыми-көпшілік еңбектердің, қазақтың жылқы және дәстүрлі шаруашылықтың көптеген мәселелерін зерттеумен айналысатын, соның ішінде «Түркі халықтарының этномәдениеті», «Қазақ жылқысының тарихы» т.б. көпшілікке танымал ғылыми еңбектердің авторы А.Тоқтабайдың этнография саласындағы ұшан теңіз еңбегі туралы кеңінен талданды. Біршама еңбектері АҚШ, Германия, Италия, Англия, Ресей, Түркия, Қытай елдерінде жарық көрген.