«Дәстүр және рухани жаңғыру» 29.08.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын талқылауға арналған «Дәстүр және рухани жаңғыру» тақырыбында семинар өтті. Мақсаты: Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын насихаттау; салт-дәстүрімізді жаңғыртуға үлес қосу; қазақстандықтардың рухани бірлігін арттыру және ұлттық рухымызды мәңгі есте сақтау.