«Алтыбақан» 20.09.2017ж

Елбасы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға аса мән берді. Осыған орай, Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Отырар аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп, Отырар ауданында Елбасының бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында жастар арасында «Алтыбақан» ойын-сауық кешін ұйымдастырды.