«Ақ Отау» 26.09.2017ж

Оңтүстік Қазақстан облысы Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ақ Отау» жастар сейілі телевизиялық жобасы қолға алынды. Ұйымдастырылған жобаның мақсаты – ұлтымыздың ұмытыла бастаған көне салт-дәстүрлерін қайта жаңғыртып, жас жұбайларға арналған заманауи үлгідегі дәстүрге ұластыру, БАҚ, телеэкран арқылы кеңінен насихаттау.