«Мизам – береке бастауы» 27.09.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Сайрам аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе егін шаруашылығы дәстүрлерінің бірі – «Мизам» мерекесіне орай, «Мизам – береке бастауы» этнофестивалін ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: қазақтың өмір салтында бар, бірақ көп тойлана бермейтін, мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, елдің берекеге кеңелетін кезінде атап өтілетін «Мизам» ұлттық мерекесін халық арасында кеңінен насихаттау, ұмытыла бастаған осы дәстүрдің көне дәстүрге сай нұсқасын телеарна, өзге де БАҚ арқылы ел арасына тарату.