«Қариясы бар ел қазыналы» 10.10.2017ж

1 қазан — қазыналы қарттарымыздың төл мерекесі. Осы орайда Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы, орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Тағаевтің бастамасымен «Қариясы бар ел қазыналы» тақырыбында облыстық Ардагерлер үйінде сыр-сұқбат ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, ардагерлерге құрмет көрсету; кейінгі ұрпақты ізгілік пен мейірбандылыққа баулып, отансүйгіштік қасиетті бойына сіңіруге үндеу.