«Ж.Шанин шығармаларындағы этнографиялық құндылықтар» 11.10.2017ж

Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ академиялық драма театрымен бірлесе, режиссер, драматург, театр өнерінің қайраткері Ж.Шаниннің 125 жылдығына орай «Ж.Шанин шығармаларындағы этнографиялық құндылықтар» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында өткізілген бұл шарада театр корифеиінің өнерге келу жолы, өмірінің беймәлім сырынан бастап, қазақ кәсіби өнеріне қосқан үлесі туралы ойды орталық директоры Ж.Тағаев ортаға салды.