«Жігіт сұлтаны — 2017» 24-25.10.2017ж

Облыстық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығында Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыстық көлемде «Жігіт сұлтаны — 2017» байқауының І-кезеңі өткізілді.
Қазылар алқасы құрамында Әбдіхалық Әбдіраймов – ақын-сазгер, «Түркістан» сарайы директоры орынбасары, Құрмаш Жылқыбай — Көкшетау қаласында өткен республикалық «Жігіт сұлтаны-1995» байқауының бас жүлдегері, Мұхтар Атахан – қолданбалы өнер шебері қазылық етті.