«Тулақ шашу» 02.11.2017ж

ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Арыс ауданы тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесе аудан тұрғындары арасында жүннен, киізден жасалатын бұйым түрлерін жасау өнеріне қатысты «Тулақ шашу» тақырыбында іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты: ұмыт бола бастаған көне дәстүрімізді жаңғырту, киіз басу өнерін кеңінен насихаттау.