«Дәстүрге берік отбасы» 26.02.2018ж

Отбасы құндылықтарын насихаттау барысында «Дәстүрге берік отбасы» атты ток-шоуы өтті. Зейнеткер-ұстаз Ырымкүл Ертаева, «Құрмет» орденінің иегері Сексенбай қажы Тұрысбеков, «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы Нұрмахан қажы, орталықтың ғылыми қызметкері Райхан Алтыбаева және Сәбит пен Гүлжазира Мүсіреповтер отбасыларының кейіпкер ретінде қатысуымен өткен шара барысында отбасы құндылығы мен қыз бала тәрбиесі, атастыру, әмеңгерлік және сүйек жаңғырту дәстүрлері жөнінде көкейде жүрген мәселелер талқыланды. Сыр-сұқбат соңында сарапшылар: Ж. Шанин атындағы академиялық қазақ драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі, драматург Сая Қасымбек, Қаратау ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі Бекмырзақызы Зүльфия, Облыстық «Отырар» ғылыми-әмбебап кітапханасының ғылыми қызметкері, доцент Зылиха Жантасова бүгінгі көтерілген мәселелерге жан-жақты талдау жасап, өз бағаларын берді. Шараға мәдениет мекемелері қызметкерлері мен қаламыздағы ЖОО студенттері қатысты. Ток-шоу барысында «Сарқылмас қазына» тележобасы аясында түсірілген салт-дәстүрімізге қатысты бейнероликтер көрсетілді.