«Өмірге ынтық көңілмен…» 06.03.2018ж

Облысымыздағы мүмкіндігі шектеулі өнерпаз жандардан құрылған «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігі мүшелерінің «Өмірге ынтық көңілмен…» атты шығармашылық концерті өтті. Шараның мақсаты: өнер жолында жүрген мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау көрсету, олардың шығармашылығымен өнер сүйер қауымды таныстыру; қоғамдық жұмыстармен айналысуларына мүмкіндік беру. Іс-шара барысында «Халқыма тағзым» қоғамдық бірлестігінің белді мүшесі, сазгер, ақын Нұржан Төребаев бастаған жас өнерпаздар: Зульфия Закирова, Зәкира Мейірбек, Ақерке Досқара, Айымтөре Есіркепова, Ақтөре Шалдар және Мақсат Қаналбеков әннен шашу шашып, көрерменге мерекелік көңіл–күй сыйлады.