«Наурыз айы туғанда…» 14.03.2018ж

Наурыз мерекесінің бастамасы «14 наурыз – Көрісу күніне» арналған «Наурыз айы туғанда…» мерекелік іс-шараны Түркістан аудандық тілдерді дамыту және мәдениет бөлімімен бірлесіп, киелі Түркістан қаласында атап өтті. Мәдениет үйінің кең ауласында бір-бірімен құшақ жая қауышқан жұрт наурыз көжеден дәм татып, игі тілектерін төкті. Әрі қарай мерекелік іс-шара той-думанға ұласты. Алғашқы құттықтау сөзді Түркістан қалалық соғыс және еңбек ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы Рысбеков бастады. Бұл кісілер бүгінгі шараның маңыздылығына тоқталды. Қазақстанның оңтүстік аймағына берік орныққан бұл дәстүр жыл сайын жергілікті халық сағына күтетін бірден-бір салт болып отыр. Кейінгі жастарға да үлгіге айналғанын атап өтті. Шаттық пен қуанышқа, ақ бата мен молшылыққа толы бұл мерекеде мәре-сәре болған жұрт осы қарқынмен Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне ұласатындығын атап өтті.