«Биік болсын шаңырақ!» 16.03.2018ж

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Шымкент қалалық жастар бөлімімен бірлесе «Биік болсын шаңырақ!» тақырыбында қазақтың киіз үйін құрудан шеберлік сағатын өткізді. Шараның мақсаты: қазақ халқының дүниетанымында заттық, әрі рухани мәдениеттің үздік үлгісі саналатын киіз үйдің тарихын, құрылымын, шаңырақ, уық, кереге, т.б. жабдықтарының мән-мағынасын тарату, бүгінгі өмірдегі қолданысын жастарға насихаттау. Орталық директоры, мәдениет саласының үздігі Жәнібек Абданбекұлы шараның мән-мазмұны туралы айтып өтті. Әжелеріміз келген қонақтарға наурыз көжеден дәм таттырды. Шараға қаламыздағы жоғарғы оқу орны мен колледж студенттері қатысты.