«Сүйек жаңғырту» 26.04.2018ж

Сарыағаш қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе, халқымыздың көнерген «Сүйек жаңғырту» дәстүрін өңір тұрғындары арасында қайта жаңғырту мақсатында этнотанымдық іс-шара ұйымдастырды. Халық дәстүріне сәйкес «сүйек жаңғырту», «сүйек шатыс» деген сөздер жиі кездеседі. Бұл да үйлену, құдалық жолына байланысты шыққан ғұрып. Бұрын құдандалы болып бірі мен бірі сыйласқан екі жақ, екі ру бұрынғы іліктілікті қайта жалғастыратын болса, оны «сүйек жаңғырту» деп атаған.