«Теңге ілу», «Қыз қуу», «Жамбы ату»  16.05.2018ж

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұлттық ойын түрлері — «Теңге ілу», «Қыз қуу», «Жамбы ату»  ойындарын насихаттау мақсатында этнотанымдық іс-шара өткізілді. Этнотанымдық іс-шара барысында  «Қыз қуу», «Жамбы ату», «Теңге ілу» нәтижелерінен бейнеролик түсіріліп, телеарна, өзге де БАҚ арқылы ел арасына таратылуда. «Қыз қуу» ойынына қатысушы жұптар асқан шеберліктерін көрсетсе, «Жамбы ату» ұлттық ат спорты ойынында жігіттер мергендік, ептілік қабілетімен танылды, «Теңге ілу» ойынында қатысушылар ептілік, әбжілдік көрсетіп, көрермендерді тәнті етті.